Атырау, 19 маусым 00:18
Таңертең ашық+25, күндіз +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 338.78  € 392.82  P 5.35

Кемеровадағы Зимняя вишняда болған өрттің себебі белгілі болды

17 сәуір 11:26


Кемеровадағы «Зимняя вишня» СО-да өрт ғимараттың шатырында электр сымдарының қысқа тұйықталуынан басталған. Зерттеу жұмыстары Ресей ТЖМ Санкт-Петербург университетінің өртті зерттеу орталығында жүргізілді. Сараптаманың алдын ала нәтижелерін kommersant.ru сайты жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Сарапшылардың алдын ала қорытындысы бойынша төртінші қабатта балалардың ойын алаңының үстінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алған. Сауда үйінің шатыры қардан тазаланбаған, ол еріген, содан соң су сымдарға тие бастаған. Алғаш болып балалардың құрғақ бассейнінің үстінде ілулі тұрған аспашам жанған. Ол үстінен тамып тұрған пластиктің кесіренен өртенген», - делінген жариялымда.

Орталық сарапшыларының айтуынша, өрт соншалықты қатты болмауы керек еді, алайда қосулы тұрған ауа алмастырғыш өртті өршітіп жіберген. Осылайша ғимараттың үстінгі қабатын жылдам көк түтін басады. Дәл осы кезде кинозалдардың бірінде сеанс аяқталады. Өкінішке орай ғимараттан шығып, аман қалғандар санаулы болды. Кинозалдан шығып үлгергендердің бірі қосалқы есікке барады, алайда ол жабық болып шығады. Шыға алмағандар залда қайтыс болады.

Сонымен қатар, сауда үйінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан сақтайтын автоматты сөндіргіштер орнатылған, алайда олар қосылмай қалған.

Естеріңізге сала кетейік, Кемеровадағы «Зимняя вишня» сауда орталығында 25 наурызда өрт болды. Ғимараттан 64 адам шыға алмай ажал құшты. Оның ішінде 41 бала болды. Қылмыстық іс бірнеше баптар бойынша қаралуда, жеті адам қамауға алынған.

Қазақстан Президенті орын алған қайғылы оқиға көлің айтты. Сонымен қатар, елімізде құрбан болған жандардың құрметіне еске алу шаралары өткізілді және жергілікті сауда ойын сауық орталықтарын жаппай тексеру басталды.

Дереккөз: Baq.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

706 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Кемероводағы қайғылы оқиға: Жалға берумен айналысқан компания басшысы ұсталды   491 рет қаралды

​Кемеровте жаппай митинг: Тұрғындар Аман Төлеевтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр  563 рет қаралды

​Қарабатандағы өрт: Зардап шеккен тағы бір адам ауруханада көз жұмды  1287 рет қаралды

«Сулпактағы» өрт  1312 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6