Атырау, 25 мамыр 02:23
Таңертең ашық+29, күндіз +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.75  € 382.04  P 5.31

Ақша табу картасы

4 мамыр 16:37


Атырау облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өтеусіз мемлекеттік гранттар ұсыну жөніндегі ашық конкурсқа қатысуға құжаттар қабылданып жатыр.

- Бұған 29 жасқа дейінгі кәсіпкерлер мен бизнесін бастағанына 3 жылдан аспаған кез келген жастағы кәсіпкерлер құжаттарын тапсыра алады. Ал әйелдер мен үшінші топтағы мүгедектерге жас ерекшеліктеріне және бизнес мерзіміне қатысты шектеулер қолданылмайды, - дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бас маманы Кәмшат МАҚСОТ. - Бірақ міндетті шарт - инновациялық бизнес-жоба болуы тиіс. Ұсынылатын грант сомасы 3 миллион теңгеге дейін, ал үміткердің ағымдағы шотында ұсынылған соманың кемінде 10 пайызы болуы тиіс. Шотта мұндай сома болмаған жағдайда, ол өзінің жылжымалы және / немесе жылжымайтын мүлігінің бағалау құнын растайтын құжатты ұсынуы тиіс. 

Өтінім беру және кеңес алу үшін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша аудандық және қалалық кәсіпкерлік бөлімдеріне жүгініңіз - олардың мекенжайлары мен телефон нөмірлерін интернеттен табуға болады. Құжаттарды қабылдау 20 сәуірде басталды және 20 мамырға дейін жалғасады.

 Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

669 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні  625 рет қаралды

Жұмыс табу кімге оңай, кімге қиын?  903 рет қаралды

Көлігі көп елдердің қатарындамыз  869 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8