Атырау, 25 мамыр 02:31
Таңертең ашық+29, күндіз +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.75  € 382.04  P 5.31

Масаларды зеңбірекпен атқылайды

15 мамыр 12:17


Мамырдың ыстық күндері мен бірнеше күннен бері соғып тұрған теңіз желі Атырауда масалардың ерте пайда болуына себеп болды. Тендер жеңімпазы болған «AG Disinfection» ЖШС мониторинг өткізді. Нұрсая ықшамауданы, Элеваторный мен Огородная көшелері - 80%, АМӨЗ маңы бұл жәндіктерден ең көп зардап шеккен екен.

Энтомолог Айнагүл ДӘУЛЕТЬЯРОВАНЫҢ айтуынша, қазіргі уақытта оларда зиянкестермен күресу бригадаларының саны 4-уден 6-ға дейін көбейген. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен жасалған келісім бойынша олар облыс орталығының аумағын сәуір айынан қарашаға дейін айына бір рет толығымен қамтып отыруға міндетті.

Қала маңындағы Балауса, Ракуша, Еркінқала және Тасқала ауылдарына қансорғыштарды құрту үшін пестициді бар арнайы «зеңбірек» - ыстық тұман шығаратын агрегат жіберіледі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

755 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Коммуналдық террор: Нұрсая ыстық сусыз қалды  907 рет қаралды

Масамен күрес басталды  686 рет қаралды

Химиялық реакция  1435 рет қаралды

Жылу жүйесіне бояу құйылады  780 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8