Атырау, 25 мамыр 02:29
Таңертең ашық+29, күндіз +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.75  € 382.04  P 5.31

​КХДР наразылығына қарамастан Оңтүстік Корея мен АҚШ әскери жаттығулар өткізеді

16 мамыр 14:42


Сәрсенбі күні Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі АҚШ-пен бірлескен әскери әуе оқу-жаттығулары жоспарға сай өткізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ренхап агенттігі. 

Бұл жайлы жаттығуларға наразылық білдірген Солтүстік Корея оңтүстіктегі көршісімен өтуі тиіс жоғары деңгейлі келіссөздердің болмайтынын жариялаған соң мәлім етілген. Екі аптаға жоспарланған ауқымды Max Thunder жаттығулары 11 мамырда басталған еді. Оған шамамен 100 әскери ұшақ, соның ішінде сегіз F-22 жойғыш ұшағы, бірнеше F-15K және F-16 ұшақтары жұмылдырылған. 

«Жаттығулар жоспарға сай өтіп жатыр. Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың осы мәселедегі ұстанымдары сәйкес келеді», - делінген Корея Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде. 

Оңтүстік Корея мен АҚШ қорғаныс ведомстволарының өкілдері ресми Пхеньянның сәрсенбіде өтуі тиіс корейаралық келіссөздердің болмайтыны туралы кенет қабылдаған шешімін талқылау үшін шұғыл отырыс өткізді. Өз кезегінде, Солтүстік Корея орталық ақпарат агенттігі (KCNA) оқу-жаттығуларды қатаң сынап, екі корей елі арасындағы қарым-қатынастар жақсара түскен кездегі арандату және баса-көктеп кіруге дайындалу деп атады. 

Мұның алдында ғана жаттығуларға АҚШ-тың В-52 стратегиялық бомбалаушы ұшағы қатыспайтыны айтылған. Пхеньян АҚШ-тың бомбалаушы ұшағының Корей түбегінің әуесінде пайдаланылуына бірнеше мәрте наразылық білдірген болатын. 

Еске сала кетейік, 27 сәуірде Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея басшыларының жоғары деңгейдегі кездесуінде екі тараптың бір-біріне бағытталған барша қастық әрекеттерді тоқтатуды көздейтін тарихи декларацияға қол қойылды. 

Сондай-ақ тараптар 15 тамызда Азат ету күніне орай 1950-53 жылдардағы Корея соғысы кезінде ажырап кеткен отбасыларды кездестіруге келіскен болатын.  

Дереккөз: inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

136 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Оңтүстік Корея мен АҚШ Қытайдың қарсылығына қарамастан зымыран жүйесін орнатып болды  815 рет қаралды

​Оңтүстік Корея КХДР-мен шекарадағы үгіт-насихатты тоқтатады   184 рет қаралды

​КХДР Корей түбегінде соғыс басталатынын мәлімдеді   647 рет қаралды

Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастықтың кезекті жоспарына қол қойылды   666 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8