Атырау, 25 мамыр 02:27
Таңертең ашық+29, күндіз +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.75  € 382.04  P 5.31

Қазақстан Газа секторындағы зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды

16 мамыр 15:10


Қазақстан делегациясы күн тәртібіндегі "Таяу Шығыстағы жағдай, соның ішінде Палестина мәселесі" тармағына сәйкес БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше сессиясына қатысты., - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде Қазақстан Республикасы Израиль Мемлекеті мен Газа секторы шекарасында палестиналықтардың наразылық шеруін басуға байланысты бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандар туралы хабарды терең алаңдаушылықпен қабылдағандығын атап өтті. 

"Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастықты көптеген құрбандыққа алып келген зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға бағытталған жан-жақты шараларды қабылдауға шақырады", - деп мәлімдеді Омаров. 

Қазақстан, сонымен қатар, екі тарапты бейбітшілік күш-жегерлерді бұзатын және палестиналықтар мен израильдіктер арасындағы шиеленісті одан әрі ушықтыруға ықпал етуі мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында сабырлық пен ұстамдылыққа шақырды. Сондай-ақ, қол жеткізілген халықаралық келісімдерге сәйкес тараптарға Иерусалимнің тарихи статус-квосын сақтау туралы үндеу айтылды. Тұрақты өкіл өз сөзінде "Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясының шешімдері мен қарарларына қатысты өз айнымастығын растай отырып, бейбіт саяси процестің аясында Таяу Шығыстағы жағдайды толыққанды реттеу үшін дәйекті және жүйелі түрде қолдау көрсетеді" деп атап өтті. Тұрақты өкіл Палестинаның мемлекеттілікке құқығын және Израильдің қауіпсіздікке құқығын саяси, экономикалық және экологиялық өлшемдерде, сондай-ақ жаңа қауіп-қатерлер саласындағы сенім шараларының қолданылуын қамтамасыз етуді қоса алғанда алдын алу дипломатиясының тиісті құралдарын қолдану арқылы қамтамасыз етуге шақырды. 

Еске салайық, Газа секторындағы қақтығыс Израиль мемлекеттігінің 70 жылдығына орайластырып, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге ауыстыруына байланысты толқулардан басталды. Тәртіпсіздіктерге жауап ретінде Израиль әскері наразылық қатты білдіріп жатқан орындарға оқ атты. Израиль премьері Биньямин Нетаниьяху бұл әрекетті өзін қорғау деп атады.  Осыдан кейін Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 60-қа жуық палестиналық қаза тапқан Газадағы оқиғаға байланысты Вашингтон мен Тель-Авивтен елшілерін шақыртып алған болатын. 

Дереккөз: tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

127 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Сочиде Назарбаев Путинмен және Лукашенкомен кездесті  1163 рет қаралды

Қазақстандықтарға Израильге бармау керектігі ескертілді  525 рет қаралды

"Путиннің жаңа мерзімі Қазақстанға қалай әсер етеді?". "Мемлекеттік бағдарламамен неге сапасыз үйлер салынады?". "Сейітқазы Матаев: Баламды кепілдікте ұстап отыр". "Селтановтар отбасы ОҚО-дағы оқиғаға қатысты пікір білдірді".  1056 рет қаралды

"Алматыда о дүниеге аттанудың құны қанша?". "Грузия президентін түсінбейтіндер көбейіп келеді". "Қудалау науқанына Журналистер одағының төрағасы да iлiктi". "Қытайды «жаулап алу» және “советтiк жиын"". "Үкімет: ішкі жалпы өнім 0,5 пайызға дейін кемиді".  1640 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8