Атырау, 19 маусым 00:09
Таңертең ашық+25, күндіз +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 338.78  € 392.82  P 5.35

Жаңа қоныста да ескі әуен  

5 маусым 14:17


Аудан орталығы Махамбеттегі жаңа «Самал» ықшам ауданында 50-ден астам үй бар және олардың қатары жыл сайын өсіп келеді. Алайда, мұнда су мен жарыққа және жолға қатысты мәселе өзекті күйінде қалып отыр.


- Мен мұнда Құлсары қаласынан көшіп келдім. Мұнда газдан басқа ешқандай инфрақұрылым жоқ десе болады. Жол жоқ, жауыннан соң барлығы батпаққа айналады. Көліктер келе алмайды, - дейді Бисенғали ОҢДАСОВ. - Ал ауыз су жүйесі 2011 жылы тартылғанымен, іске қосылмаған. Жарық жайы тіптен қиын. Жарық өте әлсіз, тоңазытқыш, ауа салқындатқышқа, басқа да тұрмыстық жабдықтарға қуаты жетпейді.

Аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Мұрат ЕРШИКОВ жол мәселесінің қашан шешілетіні белгісіз  екенін ашып айтты: бүгінгі таңда оның құрылысына қаржы жоқ.  

Ал аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Алтынбек ҚУАНҒАЛИЕВТІҢ сөзі барынша үміт сыйлағандай болды:

-Қазір коммуналдық мәселелермен ЖК «Гумаров» айналысуда. Келесі айда-ақ  кейбір мәселелер шешіледі деп уәде етіп отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

499 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Ел игілігіне еңбек еткен Компания  1425 рет қаралды

Уәдені үш жыл күтеді  1670 рет қаралды

Қалдық су қайда кетіп жатыр?  1691 рет қаралды

Балықшыларға да, балыққа да оңай емес  1278 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6