Атырау, 18 маусым 23:56
Таңертең ашық+25, күндіз +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 336.39  € 390.28  P 5.36

​Менингит: 2015 жылы 4 адам көз жұмды, қазір тыныш

5 маусым 17:57

Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ
5 маусымда Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде (ҚДСД) менингококк инфекциясының алдын алу жөнінде кеңес өтті. Биыл сәуір айында тағайындалған өңірлік ҚДСД басшысы Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ өзекті күн тәртібін жариялап, жиналысты жүргізді:

- Облысымызда соңғы 3 жылда менингит сырқатымен ауырған жағдайлар болған жоқ. Бірақ 2015 жылы 4 жағдай кісі өлімімен аяқталды. Бүгінгі күні Қазақстанда 58 науқас анықталды, олардың 12-і қайтыс болды. Бізде Атырауда аурудың алдын алу бойынша күн сайын денсаулық сақтау, білім беру және басқа ұйымдармен нақты тапсырмалар әзірлеу бойынша жұмыс тобының отырыстары өткізіледі.

30 мамырда жедел жәрдем қызметкерлері үшін менингококк инфекциясына күдікті науқастарға медициналық көмек көрсету жөнінде оқыту семинар-тренинг өткізілді. Барлығы 40 адам даярлықтан өтті. Ал 2 маусымда «Ұлттық сараптау орталығы» филиалының базасында зертханаға анализ сынамаларын алу және жеткізу техникасы бойынша нұсқама өткізілді.

Мұсағалиевтың орынбасары Ерболат УАЙСОВ қазіргі кезде Атырау облысында жағдай тұрақты екенін мәлімдеді:

- Бұл жағдайлардың басым бөлігі оңтүстік астанада орын алған. Жалпы, менингококк - классикалық балалар инфекциясы. Бірақ биыл ересектер арасында да көп жағдай орын алған. Қазір осы мәселе бойынша, әсіресе, әлеуметтік желілерде, көптеген қате пікірлер айтылып жатыр. Бұл инфекция мұрын қуысында өмір сүреді және ауа-тамшы арқылы тасымалданады, бірақ ол өте «нәзік», адам ағзасынан тыс жерде 30 минут ішінде өледі. Өзі ауырмайтын адам да инфекция тасымалдаушы болуы мүмкін. Мұндай адамдарды сау тасымалдаушылар деп атайды. Менингококк  инфекциясы жаппай вакцинациялауға жатпайды.

Облыстық жедел медциналық жәрдем станциясы директорының міндетін атқарушы Лаура ЖАНЫСБАЕВАНЫҢ айтуынша, ЖРВИ диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына 26 бала мен 1 ересек адам жеткізілген, оларда менингококк инфекциясы анықталмаған.

Ауру белгілері туралы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционисі Надя ЕРҒАЛИЕВА  әңгімеледі:

- Дене температурасы жоғарыдан (38 градусқа дейін) төменге дейінгі (36-дан төмен) аралықта, бас ауруы мен әлсіздік, ұйқышылдық, тұмау, кейде, мұрын біту, жүрек айну және құсу белгілері болады. Әдетте, адам құсқаннан кейін жеңілдік сезінеді, бірақ менингитке шалдыққан науқас олай болмайды. Денеде қызарған бөртпе пайда болады. Ең бастысы - өздігімен емделуге болмайды, бірден 103-ке немесе колл-орталыққа қоңырау шалу керек.

Кеңес соңында мамандар менингит – қиын емделетін ауру, өліммен аяқталу ықтималдығы жоғары екенін мойындады. Сондай-ақ, балаларды демалыс лагерьлеріне қабылдау кестесі өзгермейтінін мәлімдеді.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

531 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Министрлік: Менингит құрбандары саны 13 адамға жетті  120 рет қаралды

​Денсаулық сақтау министрлігі кешірілмейтін жайбасарлық танытып отыр - Тоқаев менингит жайлы  136 рет қаралды

Перзентхананы «Болашақ» түлегі басқарады  1357 рет қаралды

Психиатрия: дәрігер «өз» пациентін бірден таниды  1383 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6