Атырау, 19 маусым 00:11
Таңертең ашық+25, күндіз +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 338.78  € 392.82  P 5.35

Жаңа әдістеме бойынша зейнетақы және жаңа жәрдемақы

6 маусым 16:30


Қазақстанда базалық зейнетақы төлемін тағайындау әдістемесі өзгерді. Ал осы жылдың шілде айынан бастап 18 жастан жоғары I топ мүгедектерінің қамқоршыларына жаңа жәрдемақы төленеді. Бұл туралы брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Атырау филиалының өкілдері әңгімеледі.

- «Азаматтарға арналған үкімет» 2016 жылдың сәуір айында құрылды. Оған біздің жергілікті деңгейде ХҚКО, Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығы (бұрынғы МЗТО), Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті кіреді. Филиал директоры болып Муса Хайруллиев тағайындалды, - деп аталмыш департамент басшысының орынбасары Қайрат АУДАНОВ құрылымдық өзгерістерді түсіндіріп, қатысып отырған әріптестерін таныстырды. – ХҚКО бойынша Тұрлан Нұржанов, әлеуметтік төлемдер бойынша Гүлмира Есқалиева.

Г. Есқалиева жетекшілік ететін саладағы жаңалықтар туралы әңгімелеп берді:

- Базалық зейнетақы жаңа әдістемеге сәйкес тағайындалады, осы орайда жұмыстар басталды. Бізде 57 229 адам базалық зейнетақы алады, қайта есептеу автоматты түрде жүргізіледі, бүкіл ақпарат өкілетті органдарға берілген – ол жерлерде мақұлданды. Егер қазір базалық зейнетақы күнкөріс минимумының 50%-ын құрайтын болса, онда өскеннен кейін 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 54% -дан 100% -ға дейін құрайды.

Жаңа әдістеме бойынша 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне салынған жарналар кезеңі ескеріледі. Егер еңбек өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, немесе өтілі мүлдем болмаса, онда базалық зейнетақы күнкөріс минимумының 54%-ын құрайды. 10 жыл өтілден асатын әр жыл үшін 2%-дан қосылады. Егер өтіл 33 жыл немесе одан көп болса - базалық зейнетақы мөлшері күнкөріс минимумына тең болады: 2018 жылы 28 284 теңге.

Есқалиева, сонымен қатар, Атырау облысында қамқоршылары бар кәмелетке толған 1 топ мүгедектерінің шамамен 500 отбасы 29 699 теңге көлемінде жәрдемақы алатынын хабарлады.

Нұргул ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген: Жолдас ҮСЕНҒАЛИЕВ, АтМУ 2-курс студенті 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

753 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Ынтымақты зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар қанша пайызға өсті?   584 рет қаралды

Кімдер зейнетақыға асығуы керек?-2  2061 рет қаралды

Сүлейменов: Осы жылы инфляция 7,5 пайыз болады   486 рет қаралды

Бүгіннен бастап зейнетақы, жәрдемақы және әскери қызметшілердің жалақысы өседі   1143 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6