Атырау, 19 маусым 00:02
Таңертең ашық+25, күндіз +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 336.39  € 390.28  P 5.36

ІІД ғимараты қандай болады?- 2  

8 маусым 15:16


Нұрсая ықшамауданында салынып жатқан Атырау облыстық ІІД кешенінде тірі жан жоқ. Өңірлік құрылыс басқармасындағылар «АЖ» тілшісіне нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстарының 2017 жылдың желтоқсан айында тоқтатылғанын хабарлады.

Сол кезде TSG Constraction мердігер компаниясы нысанның іргетасын құйып, әкімшілік ғимараттың барлық бес блогының темір-бетонды қаңқасын, казармалар мен спорт блогын тұрғызған. Бүгінгі таңда жобаның 5,5 млрд теңге жалпы сметалық құнының 800 млн теңгесі игерілген.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы Мерей ЖАНТӨРЕЕВТІҢ айтуынша, жобалау-сметалық құжаттамада кешеннің негізгі құрылымдық бөліктеріне қатысты кемшіліктердің анықталуына байланысты құрылыс тоқтатылған. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жұмыстары аяқталуда, құрылысты биылғы жылдың шілдесінде жалғастыру жоспарланған.

- Сонда нысан кестеден жарты жылға кешіктіріліп тапсырыла ма?

- Жоқ, құрылысты аяқтаудың бастапқы уақыты - 2020 жылдың мамыры - өзгеріссіз қалады, - деп жауап берді Жантөреев.

- Жоба қандай сомаға қымбаттайды?

- Жобаның түпкілікті құны туралы ақпаратты тек мемлекеттік сараптаманың оң шешімін алғаннан кейін ғана ұсына аламыз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

870 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

ІІД ғимараты қандай болады?  1202 рет қаралды

​Полиция бюджет қаржысын қалай жұмсауда?  2164 рет қаралды

Жаз болса, су жоқ  445 рет қаралды

​Полиция Ақтөбе әкімдігінің маңында болған атысқа қатысты пікір білдірді   290 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6