Атырау, 19 маусым 00:05
Таңертең ашық+25, күндіз +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 338.78  € 392.82  P 5.35

Қармақтың тармағына шектеу жоқ

13 маусым 12:01


16 маусымда әуесқойлықпен балық аулау маусымы ашылады. Ереже бұрынғыша: бір шыққанда 5 қармаққа 5 келіге дейін тегін аулауға рұқсат етіледі. Бірақ балық аулау құралдарын сататын бутиктердің бірінің сатушысы қазір қосарланған және кіріктірілген ілмектерге тыйым салынғанын ескертті. Осы және басқа да мәселелер бойынша «АЖ» тілшісі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы Данияр БАЙМАҒАМБЕТОВКЕ жүгінді.

- Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы бұйрығына сәйкес, «барлық кәсіпшілік емес аулау құралдары ені 12 миллиметрден артық емес қармақтармен жарақталады». Осы шарт сақталғанда балықты «қосарланған» мен «үштік ілмектермен» аулауға тыйым салынбайды.

- Жайықтан қайықпен балық аулауға бола ма?

- Егер шағын қайық көлік бақылау инспекциясында тіркелсе және қожайыны ол жерде кеме жүргізуші куәлігін алған болса, оны пайдаланып балық аулауға рұқсат етіледі. Бұл ретте аспалы мотордың қуаты 20 ат күшінен аспауы тиіс.

- Өткен жылы Атырау мәслихатының депутаттары рекреациялық әуесқойлықпен балық аулау аймағын мақұлдады. Қазіргі уақытта Махамбет пен Индер аудандарында бұл мәселемен айналысып жатыр деп естідім. Ал қала тұрғындарының көпшілігі қармақ жақсы қабатын жер іздеп, өзеннің жоғары жағына қарай шығады. Ол жерде әуесқойлықпен балық аулау аймағы бекітілді ме?

- Жоқ, аудандық мәслихаттардың тиісті қаулылары әзірге шыққан жоқ - сондықтан осы учаскелерде балық аулау өзеннің барлық учаскелерінде рұқсат етіледі. Атырау қаласына келер болсақ, қалалық депутаттардың шешімі бойынша MMC-Ширинадан қала маңындағы Талғайраң ауылына дейін әуесқойлықпен балық аулауға рұқсат етілгенін еске саламын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

449 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Атырау әкімі теңізден балық аулауға қарсы - 2  1015 рет қаралды

Күн сайын балық аулауға болады  1453 рет қаралды

Қармағыңды сайла  1236 рет қаралды

Балықшыларға көмек  1385 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6