Атырау, 18 маусым 23:52
Таңертең ашық+25, күндіз +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 336.39  € 390.28  P 5.36

Қазақстанда мыңнан аса шенеунік қызметінен айырылуы мүмкін

13 маусым 14:33


Қазір республикада 100 мыңға жуық шенеунік жұмыс істейді. Мамыр айында қабылданған кәсіпкерлік қызмет туралы заңнан кейін мыңнан аса шенеунік жұмыстан шығарылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Елбасы өткен айдың соңында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға жария түрде қол қойған еді. Енгізіліп отырған өзгерістердің басты мақсаты – бизнесті реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіре түсу. Заңда мемлекеттік бақылау функцияларын шамамен 30 пайызға қысқарту көзделіп отыр.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, қазір республикада әртүрлі деңгейде 98 мың шенеунік жұмыс істейді. Қабылданған заң аясында талдау жүргізіліп, олардың санын қысқарту бойынша нақты жоспар жасалды. 

"Біз талдау жүргіздік, қазір бізде қанша адам қысқаратыны туралы нақты жоспар бар. Шамамен 1 131 шенеунік. Бірақ олар жұмыс істеп жатқандар бола ма, немесе бос орындарды қысқартамыз ба, ол жағы әлі белгісіз", — деді Сүлейменов мәжіліс кулуарында. 

Министр шенеуніктерді қысқарту туралы соңғы шешімді үкімет пен президент әкімшілігі қабылдайтынын атап өтті. 

"Қабылданған шаралар президенттің Қазақстанда ықшам әрі тиімді үкімет құру туралы тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді", — деді ол.

Дереккөз: sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

384 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Қазақстанда әлеуметтік салық көлемі төмендетілуі мүмкін   774 рет қаралды

Дүйсенова: 5 пайыздық зейнетақы жарнасы туралы заң кейін енгізілуі мүмкін  832 рет қаралды

Қазақстанда 7 сағаттық жұмыс күнін енгізу туралы ұсынысқа Дүйсенова пікір білдірді   758 рет қаралды

И.Меркель - Қазақстанда педофилдер туралы мәлімет жазылатын сайт пайда болуы мүмкін  831 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6