Атырау, 23 шілде 05:07
Таңертең ашық+32, күндіз +35
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 346.68  € 404.02  P 5.47

Өрт сөндірушілер «Ақ Жайық» қонақ үйіндегі өртті 9 сағатта сөндірді  

5 шілде 15:38

Бүгін, 5 шілдеде, ТЖД баспасөз қызметі Атыраудағы «Ақ Жайық» қонақ үй кешені ғимаратында кеше болған өрт туралы толық ақпарат берді. Хабарлама кезекші пультіне 4-шілдеде сағат 21.42-де келіп түскен. Өрт сөндірушілердің алғашқы бригадасы сағат 21.50-де жетіпті. «Ақ Жайық» қонақ үйіне жалғанған «The Guns & Roses Pub-Grille Atyrau» мейрамханасының шатыры өртенген.

«Қонақ үй мен мейрамхана ғимараттарының жалпы алаңы 8500 шаршы метрді құрайды, 3500 шаршы метрі өртенген. Өрт сағат 02.13-те ауыздықталып, сағат 06.35-те өшірілді. Оны сөндіруге ТЖД-ның 70 қызметкері мен 19 техника бірлігі, сондай-ақ басқа ұйымдар мен жеке кәсіпорындардың 87 қызметкері мен 29 техника бірлігі жұмылдырылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ең бастысы – құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, келушілер мен мейрамхана қызметкерлеріне ғимараттан қосымша есік арқылы дер кезінде шығып үлгерген. Тіпті, қонақ үйдің сол жақ шетіндегі нөмірлердің тұрғындарына да қауіпсіз жерге шығуға тура келді. Жалын ол жерді де шарпыған.

Бүгін таңертең қонақ үй жанына мейрамхананың қамыққан қызметкерлері жиналды.

Бұған көзге жас алмай қарау мүмкін емес, енді жұмыссыз қалып отырмыз, - дейді әйелдер жағы уайымдап.

Соңғы күндері облыс орталығындағы электр қуатының қайта-қайта ажыратылуы тұтануға себеп болған деседі. Бірақ әзірге ресми нұсқа жоқ – тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1262 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Өрт сөндірушілер «Ақ Жайық» қонақ үйін неліктен ұзақ уақыт сөндіргендерін түсіндірді  701 рет қаралды

Атырауда «Ақ Жайық» қонақ үйі өртеніп жатыр  1677 рет қаралды

Жел Перетасканы өртеп жібере жаздады  1195 рет қаралды

Қазақстанда алғашқы "Ақылды үй" пайдалануға берілді  211 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6