Атырау, 23 шілде 05:04
Таңертең ашық+32, күндіз +35
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 346.68  € 404.02  P 5.47

Атырауда түнгі марафон өтеді

6 шілде 17:00


7 шілдеде Атырауда Астананың 20 жылдығына арналған "Atyrau Marathon - 2018" түнгі марафоны өтеді. Осыған байланысты Әбілқайыр хан мен Сәтпаев даңғылдарындағы көлік қозғалысы сағат 21.00-ден 00.00-ге дейін жабылады.

Қашықтық 5 шақырым болады, қатысу үшін басты шарт - спорттық костюмде жарқыраған элементтердің: шамдардың, неон немесе гирляндалардың болуы. Жарыс басталарда жүгірушілерге неон білезіктер беріледі, ал мәреге жеткенде алғашқы бестікке бес ескерткіш алқа мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Содан кейін мерекелік отшашулар мен баршасы үшін дискотека болады.

Түнгі марафонға қатысушылар 14 жастан кіші болмау керек. Жиналу орны - Мұз айдыны, мәре сызығы - облыстық әкімдік ғимаратының алды. Сағат 22.00-де жиналып, жарыс сағат 23.00-те басталады.

Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

471 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Түнгі көлік апаты  1735 рет қаралды

Нан да, ән де болады  664 рет қаралды

«Ажалсыз полк» 8 мамырда өтеді  1308 рет қаралды

6 мамырда марафон мен концерт өтеді  1445 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6