Атырау, 23 шілде 04:59
Таңертең ашық+32, күндіз +35
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 346.68  € 404.02  P 5.47

Мүнайшылар мен журналистер футбол алаңында кездесті

8 шілде 12:49


7 шілдеде Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясы мен «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлерінен құралған біріккен команда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерімен футболдан жолдастық кездесу өткізді. Бұл шара үш бірдей айтулы мерекеге – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына, Солтүстік Каспий жобасының 25 жылдығына және С.Балғымбаев атындағы кен орнының 50 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Команда ойыншылары мен жанкүйерлерді мерекелермен ЕМГ әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директоры Сәлімжан НАҚПАЕВ пен НКОК мемлекеттік органдармен және сыртқы байланыс жөніндегі менеджері Жағпар ЕГІЗБАЕВ және ҚР Журналистер одағы Атырау облыстық филиалының төрайымы Алма ҚАЛУСАРИЕВА құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.


Ойын тартыс пен қызыққа толы өтті. Қос команда да «ең бастысы – қатысу» деген қағидамен келмегені анық байқалып тұрды. Өйткені, жеңіске жету үшін ойынның соңғы минуттарына дейін аянып қалмады. Нәтижесінде, жолдастық кездесуде достық жеңіске жетті. Тартысты ойын 4:4 есебімен тең аяқталды. Команда капитандарына кубоктар  табыстады. Сонымен қатар, үздік ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жартылай қорғаушы» және «Үздік шабуылшы» аталымдары бойынша дипломдармен марапатталды. Матчтан соң мұнайшылар командасының капитаны журналистерге допты сыйға тартты. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Фото: «Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

543 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Қазақстандық 17 компания Солтүстік-Каспий жобасының қолдауымен Халықаралық стандарттар бойынша сертификатталды  1124 рет қаралды

Қазақстан Үкіметі мен Солтүстік Каспий консорциумы құпия келісімге қол қойды   1192 рет қаралды

"Канал құрылысы экологияға зиянын тигізеді"  2541 рет қаралды

Жаңа оператор шешімді осы жерде және шұғыл қабылдайды (+NCOC мәлімдемесі)  1687 рет қаралды

Комментарий беру ажыратылған

Басты бет

1 2 3 4 5 6