Атырау, 23 шілде 05:20
Таңертең ашық+32, күндіз +35
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 346.68  € 404.02  P 5.47

Кәріз желісі индерборлықтарды әбігерге салды    

9 шілде 15:54

14 мыңға жуық халқы бар Атырау облысы Индер ауданының орталығына 2016 жылдан бері магистральды кәріз жүйесі салынып жатыр. Алайда жұмыс барысында индерборлықтарға көптеген мәселелер туындап, тұрғындар кент әкімшілігіне көптеген шағымдар түсірген еді. Осы арыздар арнайы жиналыста қаралды.

Мердігер – «Дияр и К» ЖШС, жұмыс сомасы – 2 млрд теңге.


Индер ауданы әкімі Серік АРЫСТАН (суретте):

- Аудан орталығында жаңа құбыр жүргізу барысында асфальт жолдар мен жүргіншілер жолдары бұзылып, қалпына келтірілмеген, қазылған орлар уақытылы көмілмейді, ауыз су құбырлары істен шыққан.  Жұмыс басталмастан депутаттар, ардагерлерді, мамандарды тартып, бақылау тобын құру тапсырылған еді. Бұл іс бастапқыда қолға алынып, артынша аяқсыз қалған.

«Индерсу» КМК директоры Алмас ҚҰСАЙЫНОВ:

- Сатпаев көшесіндегі бұрынғы кәріз жүйесін істен шығарып, оның лас суы жаңадан салынып жатқан жүйе бойына кетіп жатыр. Үш күннен бері осы жағдай. Қалпына келтірілген жоқ. Ауыз су жүйесіне зақым келтіріп, апат тудырған екі жағдайда біз мердігергетөлеу туралы талап қойдық. Бірақ орындаған жоқ, сондықтан сотқа беретін болармыз.

Рулан ТУРАБАЕВ, Индербор кенті әкімі:

- Мердігер жолдарды бұзып, уақытында қалпына келтірмейді, жүргіншілер мен автомобиль жүргізушілеріне қиындық туғызып жатыр. Біз бірнеше рет оларға хат жолдағанымызбен шарасы алынбай отыр. 


Сергей  КУЧИНСКИЙ, «Дияр и К» ЖШС учаске бастығы (суретте):

- Әрине, айтылған кемшіліктерді мойындаймыз және жоюға тырысамыз.   


Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суреттер мен видеоны түсірген автор 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

976 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​"Ол жұмыста азаматтарды қабылдап жатыр" - Астана әкімдігі Хорошунға қатысты түскен   100 рет қаралды

Түркияда өтетін сайлауда елдің мемлекеттік басқару жүйесі анықталады  143 рет қаралды

«Азаматтық» министрдің Атырауға сапары  983 рет қаралды

​Жұқтырғандар көбейіп жатыр - Сағынтаев менингит жағдайы жайлы   187 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6