Атырау, 23 шілде 05:13
Таңертең ашық+32, күндіз +35
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 346.68  € 404.02  P 5.47

Дала көлінде балықтар қырылды  

9 шілде 16:08


Жылыой ауданындағы Тұрғызба ауылының тұрғыны «АЖ» редакциясына су бетінде өлген балықтар қалқып жүрген бейнежазба жолдады.  Оның айтуынша, бұл жағдай бірінші рет болып отырған жоқ.

- Шынымен де, Жем ауылдық округіне қарасты Тұрғызба ауылынан батысқа қарай 20 шақырым жердегі Жыңғылдыкөл көлінде балықтар жаппай қырылды, - дейді Жылыой ауданының әкімі Азамат БЕКЕТ. - Қазір көлді орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері тексеріп жатыр, оқиғаның себебін анықтау үшін жұмыс тобы құрылды. Алдын ала нұсқасы – су айдынының ішінара құрғауына әкелген аптап ыстық.

Өткен жылдың наурызында сол Жылыой ауданының Жем өзенінде балық жаппай қырылған болатын. Оның себебі ақыры анықталмады.

Фархат ӘБІЛОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

898 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Құлсарыда су тапшы, бірақ аквапарктың қатысы жоқ  740 рет қаралды

Ғарыштан бақылау қажет  868 рет қаралды

Жем өзені толықты  1708 рет қаралды

Аулалар судан арылар емес  965 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6