Атырау, 23 шілде 04:56
Таңертең ашық+32, күндіз +35
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 346.68  € 404.02  P 5.47

​Дональд Трампты Бельгияда салтанатты түрде күтіп алмады

11 шілде 09:30


АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-ның Брюссельдегі саммитіне келді. Алайда елдің жоғары билігі оны салтанатты түрде күтіп алмады. Себеп дейсіз бе? Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, ел билігі Петербургте өткен Бельгия мен Франция құрамаларының ойынын тамашалап, мәртебелі мейманды қарсы алуға уақыт таппаған. 

Сөйтіп Ақ үй басшысын елдегі сыртқы істер министрінің өкілі қарсы алды. Ал ресми деректер дәл сол кезде Бельгияның премьер-министрі Шарль Мишель әлем чемпионатын Брен-ле-Конт қаласында жанкүйерлермен бірге фан-зонада тамашалаған. 

Ел патшасы Филипп пен ханшайым Матильда ұлттық құраманы қолдап, сонау Санкт-Петербургке кеткен. Оларға сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс те еріп, ойынды стадионда VIP трибунада отырып тамашалады. Міне, мақсаттың кейде мүддеден биік тұратыны. 

Тұтас мемлекет өз жүйріктерінің шашпауын көтерді. Үміт басым еді. Егер финалға шықса, Бельгия шоқтығы биіктер еді. Ал Трамп, АҚШ президенті Солтүстікатлантикалық келісім ұйымы саммитіне келді. Ол 11-12 шілде күндері штаб-пәтерде өтеді деп жоспарланған.  

Дереккөз: 24.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

190 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Бельгия халқы Дональд Трамп пен НАТО-ға қарсы   844 рет қаралды

​Мадрид тұрғындары жаңа билікке қарсы ереуілге шықты  213 рет қаралды

​54 мемлекет АҚШ елшілігінің салтанатты рәсіміне қатысудан бас тартты   246 рет қаралды

Иран Telegram мессенджерін бұғаттады  233 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6