Атырау, 23 шілде 05:18
Таңертең ашық+32, күндіз +35
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 346.68  € 404.02  P 5.47

​Түркістанның бас жоспарын әзірлеуге халықаралық конкурс жарияланды

11 шілде 14:48


Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспар тұжырымдамасын әзірлеу конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша комиссия Түркістан облысының әкімдігімен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығының 4 тармақ 2) тармақшасына сәйкес, түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістан қаласын дамыту бойынша бас жоспардың ең үздік тұжырымдамасын әзірлеуге ашық халықаралық конкурс жариялайды.

Аталған конкурстың мақсаты түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістан қаласының бас жоспарының Тұжырымдамасының сәулет-қала құрылысы шешімдерін алуға негізделеді, мұнда облыс орталығы ретінде Түркістан қаласының ұзақ мерзімді аумақтық дамуы, мәдени-тарихи мұрасының сақталуы бойынша сапалы шешімдер ұсынылатын болады. 

Конкурсты өткізу мерзімі: 2018 жылғы 11 шілдеден бастап 11 тамыз аралығы. Конкурсқа ұсынылған жобалар көрмесі Түркістан қаласында 15-20 тамыз аралығында өтеді. Конкурстың жүлде қоры (салықтарды қоспағанда) 40,0 млн теңгені құрайды, оның ішінде: - 1 орын – 25 млн теңге; - 2 орын – 10 млн теңге; - 3 орын – 5 млн теңге. Конкурсты ұйымдастырушылар: комиссия және Түркістан облысының әкімдігі Конкурс сайты: Turkestangenplan.kz Конкурсқа кәсіби сәулетшілер және қала құрылысын жүзеге асыру мамандары (жеке және заңды тұлғалар) қатыса алады.

Дереккөз: 24.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

125 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Олимпиада жүлдегерінің өлімін тергеуді Бас прокурор өз бақылауына алды  128 рет қаралды

Украина Қырым бойынша БҰҰ қарауына резолюция дайындайды  106 рет қаралды

1,5 жылда 700-ден астам үкім түзетілген – Бас прокуратура  127 рет қаралды

​Қазақстанда 5 мың адам бостандыққа шығуы мүмкін   138 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6