Атырау, 23 шілде 05:21
Таңертең ашық+32, күндіз +35
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 346.68  € 404.02  P 5.47

Тәжікстанда үш жасөспірім терроризм айыбымен сотталды

11 шілде 15:54


Тәжікстанның Пенджикент ауданының кәмелетке толмаған үш тұрғыны "қала әкімдігінің ғимаратын жарып жібермек болды деген айыппен соттады.

Соғды облыстық соты 17 жастағы Гуфрон Хайдаровты (қылмыс жасаған уақытта 16 жаста болған) алты жарым жылға, ал оның екі серігі Миркамол Джаббор мен Муроббек Хайдаровты әрқайсысын бес жарым жылға соттады. Үшеуі де экстремистік ұйымға қатысқан, терроризмге қатысты қылмыс жасады деп айыпталды.

Сот материалдары бойынша, үш тұрғын жыл басында ұсталған. Олар әлеуметтік желі арқылы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы мүшелерінің бірімен байланысқа шыққан. Соның басшылығымен жарылғыш зат дайындаған. Сотта үшеуі "қала әкімдігін емес, махаллада өздеріне күн бермейтін ауқатты адамдардың бірінің үйін жарғысы келгенін" айтты.

Дегенмен, сот материалдарында жастардың келіссөз жүргізген аудиотаспасы және ИМ содырымен жазысқан хаттары тіркелген. Онда жасөспірімдер "қала әкімдігі ғимаратын жаруға дайындалғаны" айтылады. Олар ИМ мүшелерімен IMO мессенжері және Zello интернет арнасы арқылы байланыс орнатқан.

Дереккөз: azattyq.org

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

150 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Тәжікстанда жеті имам сотталды  1025 рет қаралды

Ақтөбеде үш жасөспірім бір топ адамның көз алдында суға батып кетті   983 рет қаралды

"Жалған терроризм" айыбымен сотталған мұғалімнің ісі тергеуге жіберілді  614 рет қаралды

Тағы үш саябақ болады  1187 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6