Атырау, 23 шілде 05:11
Таңертең ашық+32, күндіз +35
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 346.68  € 404.02  P 5.47

Қазақстандықтарға медициналық қызметті алған сайын SMS-хабарлама келіп отырады

11 шілде 16:18


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Астанада өткен республикалық семинар-кеңесте цифрландыру қазақстандықтарға медициналық қызметті алуда жаңа мүмкіндіктер беретінін атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ведомство басшысының сөзінше, жақын арада sms-хабарлама арқылы медициналық қызметті алғанын растау мүмкін болатын сервис іске қосылады.

«Цифрландыру бізге тәртіп орнатуға көмектеседі. Не дегенмен кері байланыс қажет. Біз қазір тегін қызметті, дәріні алғаннан кейін, соның ішінде ауруханаға жатқызылғаны туралы SMS-хабарландыру келіп түсетін жүйені әзірлеп жатырмыз және алған-алмағанын растайтын жауап беру функциясы болады. Кері байланыс өте көп нәрсені көрсетеді», - деді Біртанов.

Ол әр адамның мобильді қосымша арқылы скринингтен өткен-өтпегенін, дәріні алған не алмағанын көре алатынын атап өтті.

«Осы жылдан бастам біз барлық компанияға міндетті талаптар енгіздік. Оның ішінде емханаларда міндетті түрде өзінің мобильді қосымшасы болуы тиіс. Мобильді қосымша ем қабылдайтын адамды автоматты түрде дәрігерге қоса алады. Бұл функцияны әрі қарай жетілдіріп, оның ішінде скринингтен, медициналық бақылаудан өтті ме, жоқ па осыларды дер кезінде хабарландыру арқылы біліп отыратын болады», - деді министр.

Дереккөз: Baq.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

137 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Тегін медициналық көмек: Дәрі-дәрмектерді сатып алуға арналған бірыңғай портал әзірленді   100 рет қаралды

​"Процесті созып, көбірек ақша алу". Асанов соттасуға ниетті қазақстандықтарға кеңес берді   303 рет қаралды

​Алаяқтар "ҚазМұнайГаз" атынан қазақстандықтарға 1000 литр бензин ұсынып жатыр  397 рет қаралды

Мекенжайы маңызды емес: менингитке шалдыққан науқасты бірден ауруханаға жатқызу керек  251 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6