Атырау, 23 шілде 05:19
Таңертең ашық+32, күндіз +35
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 346.68  € 404.02  P 5.47

Оқиғалар тізбегі

11 шілде 17:29


3 шілдеде Құлсары-Бейнеу жолында «Лада Ларгус» көлігі аударылып қалды. Оқиға салдарынан жолаушылардың бірі көз жұмды. ҚР ҚК-нің 354-бабының 3-тармағы бойынша («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») қылмыстық іс қозғалды.

*****

3-4 шілдеде Құрманғазы ауданының Азғыр ауылдық округінде 35 га алаң дала өртенді. Өрт өшірілді, зардап шеккендер жоқ. Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз Шаяхметовтің айтуынша, өрт сөндіру кезінде жауған жаңбырдың көп көмегі болған.

*****

Жыл басынан бері Атырау облысында алаяқтықтың 92 жағдайы тіркелді. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, интернет сайттардың сауда алаңдарында алақтық оқиғалары жиілеген: қылмыскерлер тауар ұсынып, алдын ала төлем жасауды сұрайды, содан кейін «ғайып болады» екен.

*****

Мамандырылған әкімшілік соты үйінде мас болып, жанжал шығарып, гитарамен 16 жастағы қызының басынан ұрған Атырау тұрғынын 7 тәулікке қамауға алды.

 


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

543 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Оқиғалар тізбегі  547 рет қаралды

Оқиғалар тізбегі  525 рет қаралды

Оқиғалар тізбегі  763 рет қаралды

Оқиғалар тізбегі  1069 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6