Атырау, 25 мамыр 02:04
Таңертең ашық+29, күндіз +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.75  € 382.04  P 5.31

Максты босатты, Шолақтың жолы болмады

9 шілде 2013 19:08

Құбайдолла ШОЛАҚҚұбайдолла ШОЛАҚБұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2 шілдеде Атыраудағы белгілі қоғам белсендісі Макс БОҚАЕВТАН Атырау облысы бойынша ЭСЖҚКД-нің (қаржы полициясы) тергеу басқармасы Мұхтар ӘБІЛЯЗОВҚА қарсы қылмыстық істі тергеу аясында жауап алуға шақырған еді Макстен жауап алды. Әзірге үстіртін ғана» жарияланымын қараңыз).

4 шілдеде «Демос» ҚБ қызметкері Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВТЫ және Макс Боқаевты қаржы полициясының ғимаратында жауап алу үшін ұзақ уақыт ұстаған. Алайда қоғам белсенділері олардың қолдарында ұшаққа билеттері бар екенін, бірнеше сағаттан кейін Алматыға «Қазақстанның БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің ұсыныстарын орындау мониторингісі» жобасы бойынша кеңейтілген кездесуге ұшу керектіктерін ескерткен. Онлайн тіркелімінен өткендіктен Т. Құсайынов пен М. Боқаев рейске кешікпеді.

ҚДТ партиясының бұрынғы мүшесі Құбайдолла ШОЛАҚТЫҢ жолы болыңқырамады. Бүгін, 9 шілдеде ол да пойызбен адам құқықтары жөніндегі кеңейтілген кеңеске қатысу үшін Алматыға кетуі тиіс еді. Алайда сапары болмай қалды. Оның айтуынша, 7-сі күні таңертең оған ҚІІБ қызметкерлері келіп, өздерімен бірге жүруді сұраған.

Қолдарында шақырту болған жоқ. Менің үстімнен шағым түскенін, наурыз айында Алматыда өткен Кедендік одаққа кіруге қарсы референдумға қатысушыларға  ақша берем деп уәде беріпсің дегенді айта бастады, - дейді Шолақ.– Мен оларға ешқайда бармаймын дедім. Содан соң олар кетіп қалып, шақырту қағазын алып келді. Менің олармен еріп бармасқа амалым қалмады. Түсініктемеде ешкімге ештеңе уәде бермегенімді жаздым. Ақырында менің жеке бас куәлігімді алып қойды. Құжатсыз мен тіпті билетті де тапсыра алмаймын.

Жауап алуға жаппай шақыртуларды қоғам белсенділері мен бұрынғы оппозициялық партия өкілдері «органдардың» алдағы уақытта Алматыда өтетін шараны Әбілязов қаржыландырып отыр деген күмәндары болып тұр дегенмен байланыстырды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

2205 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Макстен жауап алды. Әзірге үстіртін ғана.  2284 рет қаралды

Чипсіз де жарамды, алайда оның болғаны жақсы  1647 рет қаралды

Қала әкімі жолдар, бағалар, тұрғын үйлер туралы  2967 рет қаралды

Экс-әкім ісі: Адвокаттар шабуылы-2  2733 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8