Атырау, 19 маусым 00:05
Таңертең ашық+25, күндіз +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 338.78  € 392.82  P 5.35

Орталықтардың қожайыны тағы ауысты

13 сәуір 2011 21:23

Халыққа қызмет көрсету орталықтары байланыс және ақпарат инистрліктерінің құзырына беріледі.

ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерді – халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» қаулысы 2007 жылдың қаңтарында заңды күшіне енген болатын. Ал 2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары әділет органдарынан жергілікті атқару органдарының басқаруына берілген еді. Мұны үкімет «әкімдіктер тұрғындардың мұқтаждықтарын жақсы біледі, оның үстіне халыққа қызмет көрсету орталықтарын орналастыру мен жабдықтау мәселелерін анағұрлым шұғыл шешетін болады» деп түсіндірген болатын. Бір жылдан сәл астам өткеннен кейін орталықтардың қайтадан қожайыны ауысты.

«Бәлкім, халыққа қызмет көрсету орталықтары байланыс министрлігіне тәуелсіз болу үшін берілген шығар, өйткені әкімдіктер бір уақытта қызметке тапсырыс беруші боп та,  қызмет көрсетуші боп та табылады. Орталықтар Байланыс және ақпарат министрлігіне шілденің аяғына дейін берілуі тиіс», - дейді облыстық әкімдіктің мемлекеттік қызмет сапасын бақылау бөлімінің бастығы Қайрат ҚОНЫС. Атырау облысында он орталық бар – үшеуі қалада және әр ауданда бір-бірден.

Орталықтардың жұмысын оңтайландыру - электронды құжаттау бағдарламаларын белсенді енгізу дегенді де білдіреді. Алайда барлық электронды қызмет көрсету стандарттары әлі жасақталмаған, оның үстіне Интернет баршасына, әсіресе, шалғайдағы ауылдарға қолжетімді емес.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1505 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Аумақтық бөлімшеге келіңіз  1277 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6