Атырау, 19 маусым 00:00
Таңертең ашық+25, күндіз +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 336.39  € 390.28  P 5.36

Бергей Рысқалиев тағына қайта қонды

14 сәуір 2011 16:01

Кеше оның кандидатурасын облыстық мәслихаттың депутаттары бірауыздан мақұлдады, содан кейін бұрынғы жаңа әкім жергілікті активке таныстырылды.

Тосын сыйдың болмайтындығын облыстық әкімдіктің дәлізінде орнаған жайбарақат атмосфера растады. 13-ші сәуір күні таңертең облыстық әкімдікте бәрі де әдеттегі үйреншікті қалыппен, тіпті біршама баяу қарқынмен жүріп жатты. Ал облыс активтері жиналған залда жайдары көңіл-күй орнаған. Соның алдында ғана кешкісін әкімдерді тағайындау үшін елді аралап жүрген премьер Кәрім МӘСІМОВТІҢ орнына ҚР президенті аппаратының басшысы Аслан МУСИННІҢ келетіндігі белгілі болды. Активке шақырылған егде тартқан ағайлар мен ардагерлер дәлізде Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынының себептерін, премьер мен А. Мусиннің сапарларының бағыттарын талқыға салып, әкімді қалдыра ма, жоқ па, сол туралы әңгімелесіп тұрды.

Астаналық мейманның ұшағы кешігіп жатты. Кезектен тыс сессияға жиналған облыстық мәслихаттың депутаттары сол кезде жаңадан сайланған екі тұлғаға – Владимир ПАК («УС-99» ЖШС құрылтайшысы) пен Алтай ҚАЗМАҒАМБЕТОВКЕ (Атырау мемлекеттік университетінің ректоры) депутаттық мандат пен төсбелгіні тапсырып жатты.

Келгеннен кейін А.Мусин процедураға сәйкес және формальдылық үшін біздің депутаттарға ҚР президентінің атынан Б.Рысқалиевтың кандидатурасын ұсынды. Депутаттар оны сөзсіз бірауыздан қолдады.

А.Мусин «жаңа» әкімді облыс активіне таныстырғаннан кейін Бергей Рысқалиев жұмыс жасауда көрсеткен көмектері үшін өз командасына алғысын білдірді. А Мусин президенттің атынан атыраулықтарға сайлауда қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтып, 20 жыл ішіндегі алғаш рет Н.Назарбаевтың жинаған 95,5 пайыз дауысы елбасының басшылық ету саясатының жемісі екендігін мәлімдеді. Содан кейін ол өзі қолдау көрсететін Б.Рысқалиевтың Атырау облысының әкімі боп жұмыс жасағанда жеткен жетістіктерін атап өтті. Ал сөз соңында президенттің Б.Рысқалиевқа сенім білдіретіндігін мәлімдеп, Атырау облысының еліміздегі көшбасшы аймақ болуына тілегін білдірді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

2040 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Әкім қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдерімен кездесті  1757 рет қаралды

Атырау облысы әкімі Бергей Рысқалиевтің үндеуі  2030 рет қаралды

Бергей Рысқалиев – бюджеттегі проблемалар, жалған кезек және «үркек имамдар» жайында  3518 рет қаралды

Әкім діни экстремизм қаупіне назар аударды  2500 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6