Атырау, 22 қыркүйек 12:55
Кешке ашық+23, түнде +17
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 340.35  € 405.46  P 5.87

Әлемде


Страницы:1234...137

предыдущаяследующая


22 қыркүйек

Қырғызстанда Өмірбек Бабановтың жақтастарына қысым көрсетілуде

Қырғызстанның Ош облысында президенттікке үміткер Өмірбек Бабановтың жақтастарына қысым көрсетілуде – деп хабарлайды centre1.com ақпарат көзі. 

50 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Мәскеу соты "Христиан мемлекеті" белсенділерін қамады

Мәскеудің Хамовнический соты "Христианское государство" қозғалысының белсенділері Александр Баянов пен Юрий Калининді 11 қарашаға дейін қамауға алды. Белсенділер "Матильда" фильмінің режиссері Алексей Учительді қорғайтын адвокат Константин Добрыниннің кеңсесі алдында көлігін өртеді деп айыпталып отыр.

27 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Порошенко Нью-Йоркте Трамппен кездесті

Украина президенті Петр Порошенко Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас ассамблеясының жиынында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті.

39 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Ким Чен Ын Трамптың БҰҰ-дағы сөзін соғыс жариялау деп ұқты

КХДР лидері Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамптың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Солтүстік Кореяны толықтай жойып жіберу туралы сөзін Пхеньянға соғыс жариялау деп ұқты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

59 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


21 қыркүйек

Калифорния қалалары климат өзгерістері үшін мұнай алыптарынан төлем талап етті

АҚШ Калифорния штатының солтүстігіндегі екі қала сәрсенбі күні бес ірі мұнай алыбының үстінен шағым түсіріп, мемлекеттік органдарға осы компанияларды климаттың өзгеруін жою үшін кейбір қажетті инфрақұрылымдық жобаларға төлем төлеуін мәжбүрлеуді талап етті. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлады. 

164 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Лукашенко: Ресей әскері "Батыс-2017" біткен соң еліне қайтады

Беларусь президенті Александр Лукашенко ел аумағында Ресеймен бірлесіп өткізіліп жатқан "Батыс-2017" жаттығуы аяқталғаннан кейін ресейлік әскерилер еліне қайтады деп мәлімдеді. Лукашенко бұл туралы 20 қыркүйекте Борисов қаласына әскери жаттығуларды бақылау үшін барғанда айтқан.

117 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Путин Түркияға барып, екі ел арасындағы мәселелерді ақылдасады

Ресей мен Түркия басшылары келесі аптаның бейсенбі күні бас қосып, екі мемлекет арасындағы келелі мәселелерді – Сүрия мәселесін және Түркияның Ресейден сатып алатын S-400 қорғаныс жүйесі төңірегіндегі істерді кеңесетін болды. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты жазды.

116 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


20 қыркүйек

Чуваш жазушысы Путинге тіл саясатында абай болуды ескертті

Башқұртстан мен Чувашияның белгілі жазушылары Ресей президенті Владимир Путинге тұрғындарының ауқымды бөлігін этникалық азшылықтар құрайтын ел аймақтарында байырғы халықтың тілін міндетті түрде оқыту ісіне кедергі қоймауға шақырған. Жазушылар әлгіндей саясат Ресейді әлсіретіп, алауыздық туғызуы ықтимал деп ескерткен.

327 рет қаралды   1 комментарий

Олимпиада ойындары Париж бен Лос-Анжелесте өтеді

Жуырда Перудің астанасы – Лимада Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) 130-шы сессиясы өтіп, осы жиын барысында 2024 және 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындары қай жерлерді өтетіні жайында айтылды.

194 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Қарабах мәселесі: Армения басып алған аймақтарын қайтарып беруге ниетті

Мәлімдемені Армения Сыртқы істер министрі Эдуард Налбандиан елдің бас қаласы Ереванда өткен 6-шы Армян диаспорасы форумы отырыстарында жасады.

264 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Мексикада жойқын зілзаладан қаза тапқандардың саны 139-ға жетті

Мексикадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны көбейіп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости елдің апат-құтқару қызметінің басшысы Луис Фелипе Пуэнтеге сілтеме жасап. 

131 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Трамп КХДР-ды "толықтай жойып жіберемін" деп қорқытты

АҚШ лидері Дональд Трамп алғаш рет БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлей отырып, КХДР Америка Құрама Штаттарына қауіп төндіретін жағдайда оларды жоюға тура келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

188 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Ресей Беслан құрбандарына 3 миллион еуро төлейді

Еуропалық адам құқығы жөніндегі сот (ЕАҚС) қыркүйектің 19-ы күні өтемақы туралы шешімін қайта қараудан бас тартқаннан кейін Ресей әділет министрлігі Бесланда 2004 жылғы терактіде зардап шеккендерге үш миллион еуро төлеуге келісті. Министрлік сот шешімі орындалатынын айтты деп хабарлайды "Интерфакс".

131 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


19 қыркүйек

АҚШ Украинаға 500 миллион доллар қаржы бөлетін болды

АҚШ Сенаты Украинаға 500 миллион доллар қаржы бөлуге байланысты заң жобасын мақұлдады – деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі. 

167 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Солтүстік Корея: Бізді қысқан сайын біз ядролық қару бағдарламасын тездетеміз

Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі елге салынған жаңа санкциялар пакетіне қатысты қатаң жауап берді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

214 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Литва Мәскеуге наразылық нотасын тапсырды

Ресей мен Беларусь бірлесіп өткізіп жатқан "Батыс-2017" әскери жаттығуы барысында ресейлік әскери жүк тасымалдаушы екі ұшақтың 16 қыркүйекте Литваның әуе кеңістігіне кіріп кетуіне байланысты Литва сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні Мәскеуге наразылық нотасын тапсырды.

192 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Корей түбегінде

АҚШ өзінің екі B-1B жауынгерлік ұшағы мен F-35 жойғыш ұшағың төртеуін Корей түбегіне жасырын түрде аттандырды.

203 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


18 қыркүйек

Өзбекстан 50 мың Мьянма мұсылманына гуманитарлық көмек жіберді.

Өзбекстан Республикасы Мьянма мұсылмандарына гуманитарлық көмек жіберді.

242 рет қаралды   1 комментарий

Вашингтон: Пхеньянға қарсы "әскери варианттар" да қарастырылады

БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейлидің мәлімдеуінше, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тежеудің барлық мүмкіндіктерін сарқыған. Бұл туралы жексенбіде сөйлеген сөзінде Хейли АҚШ әкімшілігіне проблеманы Пентагонның көмегімен шешуіне тура келуі мүмкін екенін айтқан.

155 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

БҰҰ бас хатшысы Ирак Күрдістанында референдум өткізуді қолдамайды

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Ирак Күрдістанының тәуелсіздігі туралы қыркүйектің 25-іне жоспарланған референдум "Ислам мемлекеті" террорлық тобына қарсы күрестен және жихадшылардан азат етілген аудандардағы жағдайды тұрақтандыру ісінен назарды басқаға бұрады деп санайды. Бұл туралы жексенбі күні БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді деп хабарлайды Reuters.

124 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Ресей СІМ Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон кездесті

Нью-Йорк қаласында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон кездесті – деп хабарлайды Интерфакс ақпарат агенттігі. 

111 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

«Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы АҚШ әскери базасына шабуыл жасады

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының содырлары АҚШ әскери базасына шабуыл жасады – деп хабарлайды korrespondent.net ақпарат көзі.

186 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


16 қыркүйек

ИМ тобы Лондондағы жарылысқа жауапкершілікті өзіне алды

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы қыркүйектің 15-і күні Лондон метросында болған жарылысқа жауапкершілікті алатыны туралы мәлімдеді. Жарылыс салдарынан зардап шеккен 29 адамның жиырмадан астамы ауруханада жатыр, олардың өміріне қауіп жоқ екені хабарланды.

252 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянның зымыран ұшыруын айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның кезекті рет зымыран ұшыруын "жүгенсіз арандату" ретінде айыптады. Кеңеске мүше 15 мемлекеттің бірлескен мәлімдемесінде Пхеньянның іс-қимылы аймақ елдеріне ғана емес, бүкіл әлемге қауіп төндіретіні айтылған.

159 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

"Канело" Головкинді жеңсе, Мейвезермен екінші рет жекпе-жекке шыға алады - Бронер

Америкалық кәсіпқой боксшы Эдриен Бронер Сауль "Канело" Альварес Лас-Вегастағы жекпе-жекте Геннадий Головкинді жеңсе өзінің отандасы Флойд Мейвезердің шаршы алаңға оралу мүмкін екенін айтады.

252 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


15 қыркүйек

Лондон метросында жарылыс болды

Британ ақпарат құралдары 15 қыркүйекте Лондонның оңтүстік-батысында метрода пластик контейнер жарылғанын хабарлады.

293 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

АҚШ Иранға қаратқан қысымды барған сайын арттырды

АҚШ Қазына департаменті 14 қыркүйек күні, 4 ұйым мен 7 жеке тұлғаға қарата санкция жариялады. Бұл ұйымдар мен жеке адамдарға Иранның баллистикалық зымырандық бағдарламасына қолдау көрсетті және АҚШ қаржы жүйесіне желілік шабуыл жасады деген айыптар тағылған. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.

216 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Түркия: НАТО-ның сенімді одақтасы болып қаламыз

Түркия НАТО-ның сенімді одақтасты болып қала беретінін мәлімдеді. Түркия президенті Режеп Ердоғанның өкілі Ибрагим Калин Анкараның Мәскеумен жақсы қарым-қатынас орнатуы Түркия Батыс елдерінен іргесін ажыратады дегенді білдірмейтінін айтты.

179 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Солтүстік Корея тағы да баллистикалық зымыран ұшырып, әлемді дүрліктірді

15 қыркүйекте таңғы уақытта жапонның NHK телеарнасы Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшырғанын хабарлады. 

238 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


14 қыркүйек

Мьянмадағы қырғыншылық әрекеті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде талқыланды

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Мьянмадағы рохинджа мұсылмандарының ісі талқыға салынды. Бұл талқы Қауіпсіздік кеңесінің жабық отырысында талқыланды. Кезекті талқы жиыны Халықаралық қауымдастық 9 жылдан бері алғаш рет Мьянма мәселесі тақырып етіп көтеруі болып табылады. Бұл туралы «Түрік теле-радио» қызметінің ресми сайты жазды.

284 рет қаралды   1 комментарий

Шешенстан билігі ел бойынша Сталин ескерткіштерін орнатуға қарсы

Шешенстан билігі Ярослав облысында Иосиф Сталин ескерткішін орнатуға тыйым салуға байланысты заң жобасын қолдайтынын білдірді – деп хабарлайды ВВС ақпарат қызметі. 

279 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Саакашвили 19 қыркүйекте Киевке бармақ

Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили 19 қыркүйекте Киевке бармақ. 13 қыркүйекте Украинаның оңтүстік-батысындағы Черновцы қаласында жақтастарының алдында сөйлеген Саакашвили Киевке барғанға дейін елдің басқа да қалаларына бармақ ниетте екенін мәлімдеді.

193 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Ақ үй "Касперский" бағдарламаларын пайдалануға тыйым салды

АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі барлық үкімет мекемелеріне ресейлік "Касперский лабораториясы" компаниясының бағдарламалық өнімдерін қолдануға тыйым салды. 30 күн ішінде бұл компанияның барлық анитвирустық бағдарламаларын анықтап, 90 күн ішінде оларды пайдалануды тоқтату туралы бұйрық түскен.

136 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

​Малайзияда мектепте шыққан өрттен 25 адам қаза тапты

Малайзияның астанасы Куала-Лумпур қаласындағы діни мектепте шыққан өрттен кемінде 25 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 

139 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


13 қыркүйек

"Ирма" дауылы құрбандарының саны 45-ке жетті  

Кариб теңізінен басталып, АҚШ-қа ойысқан "Ирма" дауылынан қаза тапқандардың саны 45 адамға жетті. Құрбандардың оны - АҚШ азаматтары.

319 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Страницы:1234...137

предыдущаяследующая



1 2 3 4 5 6