Атырау, 24 қараша 10:37
Күндіз ашық+3, кешке -1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.00  € 390.72  P 5.65

Барлық дәйексөздер

15 қараша

Кәсіпкер Айдан КӘРІБЖАНОВ:

- Бәрі бітті. Жас күнінде, тоқсанға толған кезінде, кетуі керек еді. Ал 93 жасында, әрине, шектен шығу.

(Зимбабведегі төңкерістен кейін президент Мугабе туралы Facebook-те жазған пікірінен) 



8 қараша

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД:

- Құрметті елбасы! ...соңғы жылдың ішінде еліміздің бюджеті 12,5 триллионға жетті, бұл 17 жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 21 есе артық. 21 ғасырда әлемнің бірде-бір елінде мұндай таңғаларлық өсім болған емес.

(Партияның саяси кеңесі отырысында айтылған)



31 қазан

ҚР Ұлттық кітапхана директорының кеңесшісі, саясаттанушы Айдос САРЫМ:

- Менің заңды сауалым бар. Латын графикасы туралы. Президенттің бүкіл бір ұлттың әліпбиін өз жарлығымен өзгертуіне құқығы бар ма? ...Яғни, президент үкіметке заң әзірлеуді және жобаны парламентке енгізуді тапсыруы тиіс. Парламент оны барлық процедуралар, әліпбидің пробациясы және басқасынан кейін бекітілген тәртіпте қарауы тиіс.  

(Facebook-тегі жеке парақшасында айтылған)



25 қазан

ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының ішкі саяси және әлеуметтік зерттеу бағдарламасының басшысы Серік БЕЙСЕМБАЕВ:

- ...мен бізде қоғамдық сана бойынша бәрі дұрыс деп есептеймін. Азық-түлік өнімдері мен тауарлардың қымбаттауына байланысты азаматтардың алаңдаушылығы артады және бар назарын әлеуметтік-экономикалық мәселелерге аударады.

(ia-centr.ru-ге «Қоғамдық сананың жаңғыруы» бағдарламасы туралы берген сұхбатында айтылған)



18 қазан

Шымкент әкімі Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ:

- Мен ертеңнен бастап 1 айға қызметтік көліктерді пайдалануға тыйым саламын. Бұл маған да, менің орынбасарыма, аппарат басшыларына, аудан әкімдеріне, олардың орынбасарларына, комуналдық мекеме басшыларына, олардың  орынбасарларына қатысты. Барлық басшылық құрамға қоғамдық көліктерде тәртіп орнатуды тапсырамын. 

(16 қазан күні қалалық әкімдіктегі жиналыста айтылған)



11 қазан

- Мен қала төңірегінен кәсіпорын құрылысын салуға мүлдем тыйым салып, құрылысты Қарабатандағы ЕЭА-ға көшіруді ұсынамын. Ол жерде бүкіл кешен құрылуда. Қалалық ҮЕҰ-дар облыстық мәслихатқа депутаттар заңды түрде қала шеңберінен өндірістік кәсіпорындар салуға тыйым салсын деген ұсыныспен шықса деймін. Тіпті, қазіргі бар кәсіпорындардың өздері тұрғындар үшін үлкен қауіп төндіреді.

имиялық реагенттер өндіру жобасы бойынша өткен қоғамдық тыңдауда айтылған)



4 қазан

«Ақ Жайық» газеті azh.kz сайтының анонимді қолданушысы:

- 19:30-дан кейін автобустар жүрмейді. Қоғамдық көлік 24:00-ке дейін жұмыс істеуі тиіс. 22:00-ға дейін жұмыс жасаймыз және күнде Авангардтан Нұрсая, Атырау сияқты қаланың басқа да ықшамаудандарына дейін жаяу барамыз. Өйткені, таксиге мінуге жалақымыз жетпейді. Депутаттар, мәселені шешіңіздер.   

(«Жолаушылар тасымалы: жаңа бетбұрыс» мақаласына жазылған комментарийден)



27 қыркүйек

Атырау облысы бойынша экологиялық департаменттің басшысы Қабижан ҚАПАНОВ:

... белгілі бір метеожағдайда мұнайы бар ыдыстарды буландыруға, жуып-шаю және сол сияқты жұмыстар жасауға тыйым салынатындығы айқын жазылған.  Зауыт Қазгидрометтен тұрақты түрде хабарлама алып тұрған, бірақ мұны жасауды жалғастыра берген. Егер бұл заң бұзушылық қайталанса, біз зауыттың қызметін тоқтату туралы мәселе көтеретін боламыз.

(Тексеру қорытындылары бойынша өткен брифингте айтылды)



20 қыркүйек

«Ақ Жайық» газеті azh.kz сайтының анонимді қолданушысы:

- Қонып қалғаны жақсы еді. Бір де бір құбырдан шығарынды шықпас еді.

*     *     *

Сайттың anara_a деген есіммен тіркелген қолданушысы:

– сенбі күні таңертең сағат 5-те терезені ашу мүмкін емес еді! Мүңкігені сондай, балалар таңғы сағат 6-да иістен шошып оянды! Тіпті айтарға сөзім жоқ, ешкімге ештеңе керек емес! Бәрінің ауыздарын ақшамен жауып отыр..

(«Премьер-министр Атырауға келді» мақаласына жазылған комментарий)




13 қыркүйек

қ Жайық" газетінің azh.kz сайтының анонимді қолданушысы:

- Дұрыс. Арнайы клавиатураға тапсырыс берудің қажеті қанша. Барлық компьютерде бар латын клавиатурасы. Бас та тере бер.

(«Екі институт мамандары латын әліпбиі жобасын әзірледі деген ақпаратқа қатысты айтылған комментарий)

*           *           *

қ Жайық" газетінің тілші-аудармашысы Айжан ХАМИТ:

- Өзінің жазу үлгісін пайдаланып жүрген елдерді қараңыз. Грузия ғасырлар бойы өз әліпбиінде жазып, сөйлейді. Қытай да сол, ал Жапония дамып кеткені соншалық, оларға жету үшін бізге қаншама жылдар керек. Олардың біреуі де өлген жоқ... Сіздер бұл әліпбиді қазақ үшін жасап жатырсыздар ма, әлде әлем үшін бе?

(Фейсбуктағы жеке парақшасында айтылған)



5 қыркүйек

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Егер де біз ТКШ саласына, яғни электр энергиясы, жылу, су, басқасына да тарифтерді батыл түрде көтермесек, онда олар (осы салаларға келетін инвесторлар) бұл салаға келмейді.

(Қос парламенттің бірлескен отырысында айтылған)



29 тамыз

Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Қабижан ҚАПАНОВ:

- Қала аумағындағы ауаны зерттейтін құрылғы жоқ. Бірақ тендер жарияланып, облыстық бюджеттен 60 миллион, министрліктің бюджетінен 13 миллион теңге бөлінді. Бүгін тендер аяқталып, 2-3  айда құрылғы қолымызға тиіп қалады.

(«АЖ» сұхбатында айтылды)



22 тамыз

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА:

- Атырауда дәрігерлер нашар, ал басқа жердің мамандары керемет деп айту негізсіз. 

(«АЖ»-ға берген сұхбатында айтылған)



15 тамыз

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ:

- Мәселен, есептеу техникасына 610, ал құқықтануға бар болғаны 45, жалпы медицинаға 2500, стоматологияға 45 грант бөлеміз. Жыл сайын жоғары балл алғандар грантсыз қалып жатыр, ал аз балл алғандар, керісінше, басқа мамандықтар бойынша грант иегері атанады.

(Білім гранттары жайлы айтылған)



8 тамыз

Экономист Алмас ЧУКИН, Алматы:

– Обама мен Трамп жарлықтарының орнына санкциялар туралы нағыз заң шықты... теңге 340-тан жоғары көтеріледі деп ойламаймын, бірақ қайтадан 310-ға да түсе қоймас. Шамасы, сол 330 болып қалатын болар.

(Фейсбуктегі жеке парақшасында айтылған)



1 тамыз

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ:

- Осы жылдың қыркүйегінде біз 2018 жылға емханаларға тіркеу науқанын бастаймыз. Одан бөлек, ҚР азаматы өз еркімен бір жылда бір рет емхананы ауыстыра алады және тұрғылықты мекенжайын өзгерткен жағдайда да солай жасай алады. Яғни, емхананы жылына екі рет ауыстыра алады...

(Үкіметте өткен баспасөз конференциясында айтылған)



25 шілде

«Қазсушар» РМК бас директоры Өмірбек ЖАМПОЗОВ:

- Мен ертең адамдарға жалақы беретін қағаздарға қол қою үшін жұмысқа барамын. Өйткені ертең мен отырсам, адамдардың алдында ыңғайсыз болады.

(Суицид алдында айтылған)



18 шілде

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ:

- Президент жергілікті бюджет есебінен медициналық кадрларды дайындауға мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды. Ұсыныстарыңызды беріңіздер.

(Денсаулық сақтау мәселелеріне арналған жиналыста айтылды)



11 шілде

«Issmat investment&finance» президенті Саид МЕССАДИ:

- 20 мың жұмыс орны ашылатын болады, Индер ауданының тұрғындары оқуға жіберіледі. Жоба шілденің аяғында жүзеге асырыла бастайды.

(Атырау облысы Елтай ауылындағы шетелдік компанияның жоспарлары туралы айтылған)




4 шілде

«Өзін-өзі тану» мектепке дейінгі және мектеп бағдарламасының авторы Сара НАЗАРБАЕВА:

- Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық сабақтарда, емтихандарда, оқуға түсу емтихандарында нөмір бірінші пән болуы тиіс.

(Рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі республикалық кеңесте айтылған)



27 маусым

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі НАУРЫЗБАЕВА:

- ...1 қаңтардан бастап ресімдейтіндер соманы жылдық емес, ай сайын алатын болады. Бұдан басқа, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетақы жасы өзгеріп, жыл сайын жарты жылдан қосылатын болады (әйелдің шығу жасы 63 жасқа жеткенше 2027 жылға дейін) Осылайша, әйелдерде зейнетақыға шығу жасы ерлер секілді болады.

(Атырау облысына келген сапары барысында айтылған)



20 маусым

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Жаһандық қаржы архитектурасын өзгерту қажет. Яғни халықаралық есептік төлем бірлігін енгізуге кірісер күн туды... мұндай бірлік криптовалюта түрінде енгізілуі керек.

(Астана экономикалық форумында айтылған)



13 маусым

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кеңесінің төрағасы Әлия БЕКҚОЖИЕВА:

- «Облтрансгаз» болған кезде мұндай проблемалар болған жоқ. Сіз дайын нысанды алдыңыз. Сіздердің маңдарыңызда өз фирмаларыңыз бар. Ажырату-қосу, мұның бәрі сіздердің төңірегіңізде туындаған, аффилирленген кәсіпорындар. Мен күн сайын сіздердің қастарыңыздан өтемін, ол жерден жүру мүмкін емес. Басшылыққа кіре алмайсың, талабыңды жеткізе алмайсың.

(«ҚазТрансГаз Аймақ» Атырау филиалының басшылығымен кездесуде айтылған)



6 маусым

Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Света АМАНШИЕВА:

- Қала бойынша барлық мектептерде аттестат табыстау салтанатты 12 маусым күні ата-аналардың, ұстаздардың қатысуымен мектеп қабырғасында өтеді. Бұл шараға әр мектеп әрқалай дайындалады. Ал, түлектердің кешін жасайды ма, қай күні қайда өткізгісі келеді, ол ата-аналардың өз еріктерінде. Түлектердің аттестат алу шарасы 12 маусымда өтетіндігі жөнінде жергілікті полицияға хат арқылы ескерттік. Олар бітірушілердің қауіпсіздігін қадағалайтын болады.  

(Мектеп бітіру кештеріне байланысты «АЖ»-ға айтқаны)



30 мамыр

Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВА:

- Егер уақытында кезекке тұрса, онда үш жыл ішінде ешқандай тамыр-таныссыз орынға қол жеткізе алады. Биыл 2014 жылдың және 2015 жылдың үш айының өтініштерін жабамыз.

(Мектепке дейінгі мекемелердегі жағдай туралы айтылған)



23 мамыр

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат МЕЛДЕШОВ:

– Жоғары оқу орындары ақша төлесе малды да қабылдайды ғой... кейін сол малды шығарып жібереді. Кейін ол мал бізге келеді, ал оның 48 миллион теңге төлейтіні бар... соның кесірінен де бағдарлама ақсап, республика басшыларының мазасы кетеді.  

(«Болашақ» бағдарламасының кейбір стипендиаттары туралы кеңесте айтылған)



16 мамыр

«Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚ басқармасының төрағасы Күләш ШАМШИДИНОВА:

- Біз курсты алғаш рет өткізгенде мұғалімдер тіпті өздерінің электронды почталарының мекенжайы мен парольдерін білген жоқ. Бұл күлкілі емес. Бұл қауіпті!

(Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жетекші мектептерінің форумында айтылған)



9 мамыр

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау филиалының директоры Дәурен ЕРҒАЛИЕВ:

- Жолдың кейбір бөліктерінің бүлінуі күз және қыс мезгілдерінде түскен толассыз жауын-шашыннан пайда болған жарықшақтардан ылғалдың жол жамылғысының негізгі қабатына өтіп кетуі салдарынан болған.

("АЖ"-ға берген сұхбатынан)



2 мамыр

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Ата-аналардың ең басты қателігі мынада: олар балаларына сен ғарышкер боласың, сен президент, министр, тағы басқа боласың деп айтып жатады. Ондай мақсат қойып керек емес. Бастысы – жақсы білім алу керек, ал ары қарай ол өзі біледі. Сондықтан, егер баланың алдына сондай мақсат қойсаң, ал ол оған қол жеткізбесе, бұл оның сағын сындырады. Баланың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарау керек.

(Оңтүстік Қазақстан облысына барған сапары кезінде айтылған)



25 сәуір

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Ескі үйлерді сүріп тастау бойынша жұмыстарды жандандыру қажет. Дәл осы жерлерге туристер барып, суретке түсіріп, барша әлемге көрсетеді.

(Астанадағы EXPO-2017 көрмесіне дайындық барысына арналған кеңесте ескі саяжай үйлері туралы айтылған)



18 сәуір

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ:

Өз жұмысын атқара алмайтындардан арылыңыз, жаңа мамандар алыңыз. Сіздің тәжірибеңіз мол, сондықтан жүйені ретке келтіру үшін денсаулық сақтау саласын сізге сеніп тапсырып отырмыз.

(Актив жиналысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының Оралдан келген жаңа басшысына айтқаны)



11 сәуір

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік СЕЙДУМАНОВ:

- ...біздің жалақымыз мемлекеттік қызметте жасаған жұмыс өтілімізге байланысты. Мәселен, біздің комитеттің құрамында жас маман Геннадий ШАПОВСКИХ бар. Міне, оның мемлекеттік қызметтегі өтілі аз болса, менің өтілім көп саналады. Геннадий 638 мың теңге алады, мен 740 мың теңге аламын.

(«Время» газетіне берген сұхбатында айтылған)



4 сәуір

Қырғызстан президенті Алмазбек АТАМБАЕВ:

- Мен өз халқымның алдында тазамын. Маған мені қорғайтын және сақтап қалатын мұрагер керек емес.

(Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңестің отырысында айтылған)



28 наурыз

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ ШӨКЕЕВ:

- Мәселе мынада, зауытты жаңғырту жұмыстары несиеге жасалған және бұл қарызды қайтару қажет... Егер Атырау МӨЗ-ді алғысы келетін жеке тұлға табылса, зауытты қандай сомаға сату керек деген сұрақ туындайды.

(АМӨЗ-ге барған сапарында айтылған)



21 наурыз

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Адамның жасы туралы сұрақ – бұл бос сұрақ. Шалға ұқсайтын 30 жастағылар бар, сондай-ақ орда бұзардай 80 жастағылар да кездеседі. Бәрі адамға байланысты. Ең басты сұрақ - Елбасы өз міндеттерін орындай отырып, жылдан жылға адамдардың өмірін жақсартып жатыр ма, жоқ па?

(Республикалық БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтылды)




Страницы:1234...8

предыдущаяследующая


1 2 3 4