Атырау, 29 мамыр 16:26
Кешке ашық+13, түнде +9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 311.59  € 349.39  P 5.50

Барлық сауалнамалар

 

23 мамыр

Cіз жергілікті дәрігерлерге сенім артасыз ба?
Сауалнамаға 847 адам қатысты.

  • Иә
     
    90 (10%)
  • Жоқ
     
    686 (80%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    71 (8%)
16 мамыр

Назарбаев зияткерлік мектебіне конкурстық іріктеуде бүкіл республика бойынша 7 мың мұғалім қатысты және олардың 70 пайызы өз пәндері бойынша шекті 25 балдың 13-ін де ала алмады. Ал сіз таныс педагогтарыңыздың біліміне сенімдісіз бе?
Сауалнамаға 703 адам қатысты.

  • Иә
     
    95 (13%)
  • Жоқ
     
    514 (73%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    94 (13%)
9 мамыр

Жолдың бүлінуінің себебі – атмосфералық жауын-шашын ба?
Сауалнамаға 1006 адам қатысты.

  • Иә
     
    82 (8%)
  • Жоқ
     
    900 (89%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    24 (2%)
2 мамыр

Сіз «адамның қабілеті болмаса, бәрі бекер» деген тұжырыммен келісесіз бе?
Сауалнамаға 627 адам қатысты.

  • Иә
     
    192 (30%)
  • Жоқ
     
    399 (63%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    36 (5%)
25 сәуір

Жазғы айларда Астанадағы EXPO-2017 көрмесіне баруды жоспарлап отырсыз ба?
Сауалнамаға 1082 адам қатысты.

  • Иә
     
    107 (9%)
  • Жоқ
     
    929 (85%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    46 (4%)
18 сәуір

Мемлекеттік тілді кириллицадан латын әліпбиіне көшіру қажет пе?
Сауалнамаға 1304 адам қатысты.

  • Иә
     
    525 (40%)
  • Жоқ
     
    667 (51%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    112 (8%)
11 сәуір

Парламент депутаттары дағдарыс пен ар-ұжданды ескере отырып, өз жалақыларын 1 наурыздан бастап 50 пайызға көтеруден бас тартуға тиіс пе еді?
Сауалнамаға 955 адам қатысты.

  • Иә
     
    861 (90%)
  • Жоқ
     
    76 (7%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    18 (1%)
4 сәуір

Қаңтарда біздің сауалнаманың қатысушыларының 57 пайызы өз президенті ретінде, егер ол қазақ болса, Дональд Трампты сайлауға дайын еді. Ал Алмазбек Атамбаевқа дауыс берер ме едіңіз?
Сауалнамаға 767 адам қатысты.

  • Иә
     
    309 (40%)
  • Жоқ
     
    358 (46%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    100 (13%)
28 наурыз

АМӨЗ өзінің жаңғырту жұмыстары бойынша қарыз болып қалды. Оны сату керек пе?
Сауалнамаға 953 адам қатысты.

  • Иә
     
    198 (20%)
  • Жоқ
     
    674 (70%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    81 (8%)
21 наурыз

Әр әйелдің наурыз көже әзірлейтін өз тәсілдері бар. Дегенмен, бәрі бірдей қайта сұрап ішердей дәмді бола ма?
Сауалнамаға 526 адам қатысты.

  • Иә
     
    123 (23%)
  • Жоқ
     
    333 (63%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    70 (13%)
14 наурыз

Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 20-30%-дан аса өскенін байқадыңыз ба?
Сауалнамаға 1063 адам қатысты.

  • Иә
     
    1022 (96%)
  • Жоқ
     
    21 (1%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    20 (1%)
7 наурыз

Астананың атауын қазіргі президенттің құрметіне орай өзгертіп, оның есімін әуежай мен басқа да нысандарға беру қажет пе?
Сауалнамаға 1313 адам қатысты.

  • Иә
     
    44 (3%)
  • Жоқ
     
    1233 (93%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    36 (2%)
28 ақпан

Облыс әкімі Н.Ноғаевтың алғашқы жылғы жұмысы мен есебін ойдағыдай деп бағалайсыз ба?
Сауалнамаға 1029 адам қатысты.

  • Иә
     
    244 (23%)
  • Жоқ
     
    646 (62%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    139 (13%)
21 ақпан

Әлиев әйелін Әзербайжанның бірінші вице-президент етіп тағайындады. Бізге де осыған ұқсас бірдеңе ойлап табу қажет пе?
Сауалнамаға 930 адам қатысты.

  • Иә
     
    148 (15%)
  • Жоқ
     
    738 (79%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    44 (4%)
14 ақпан

Cіз Универсиада жарыстарын көрдіңіз бе немесе қорытындыларын білуге қызығушылық таныттыңыз ба?
Сауалнамаға 1168 адам қатысты.

  • Иә
     
    161 (13%)
  • Жоқ
     
    996 (85%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    11 (0%)
7 ақпан

Жол-патрульдік қызмет үшін қараңғы уақытта жарқырайтын алатаяқтардың орнына жарық беретін жеңқап пен ақ қолғапты енгізбек. Сізге бұл өзгерістер ұнай ма?
Сауалнамаға 888 адам қатысты.

  • Иә
     
    196 (22%)
  • Жоқ
     
    596 (67%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    96 (10%)
31 қаңтар

Алдағы бір-екі жылдың ішінде Қазақстанда биліктің өз еркімен ауысуы бола ма?
Сауалнамаға 1081 адам қатысты.

  • Иә
     
    129 (11%)
  • Жоқ
     
    867 (80%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    85 (7%)
24 қаңтар

Егер Дональд Трамп қазақ болса, сіз оны президент етіп сайлар ма едіңіз?
Сауалнамаға 1214 адам қатысты.

  • Иә
     
    696 (57%)
  • Жоқ
     
    368 (30%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    150 (12%)
17 қаңтар

Нұрсұлтан Әбішұлының немересі болғыңыз келер ме еді?
Сауалнамаға 1180 адам қатысты.

  • Иә
     
    227 (19%)
  • Жоқ
     
    893 (75%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    60 (5%)
10 қаңтар

«Халықтың көші-қоны туралы» заңдағы жаңажылдық өзгерістер сіздің мүддеңізге қайшы келді ме? Сіздің туыстарыңыз немесе достарыңыз уақытша тіркеуге байланысты ХҚКО-на баруға мәжбүр болды ма?
Сауалнамаға 845 адам қатысты.

  • Иә
     
    570 (67%)
  • Жоқ
     
    232 (27%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    43 (5%)
3 қаңтар

Парламентте қажеттілік болған жағдайда халықтың мүддесіне қайшы келетін заңдарды қабылдауға қарсы шыға алатын аз да болса депутаттар бар ма?
Сауалнамаға 1114 адам қатысты.

  • Иә
     
    67 (6%)
  • Жоқ
     
    971 (87%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    71 (6%)
27 желтоқсан 2016

2014 жылы осындай сауалнамамызға қатысқандардың 63%-ы өткен жылға риза болса, 2015 жылы бұл сан 43%-ды құрады. Ал 2016 жылдан күткен үміттеріңіз ақталды ма?
Сауалнамаға 707 адам қатысты.

  • Иә
     
    204 (28%)
  • Жоқ
     
    453 (64%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    50 (7%)
20 желтоқсан 2016

Ақпарат және коммуникациялар министрі 16 желтоқсанда интернетте кең қолданылатын әлеуметтік желілер мен іздеу жүйелерінің қолжетімсіз болуын техникалық ақаулардың орын алуымен түсіндірді. Сіз оған сенесіз бе?
Сауалнамаға 859 адам қатысты.

  • Иә
     
    37 (4%)
  • Жоқ
     
    793 (92%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    29 (3%)
13 желтоқсан 2016

Атыраулықтардың мерекеге деген көзқарасы: бізде лайықты адамдарды марапаттап, жазасы лайықты адамдарды отырғыза ма?
Сауалнамаға 931 адам қатысты.

  • Иә
     
    87 (9%)
  • Жоқ
     
    745 (80%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    99 (10%)
6 желтоқсан 2016

Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде президенттер ауысқан жағдайда Қазақстан анағұрлым жоғары қоғамдық-экономикалық деңгейге жете алар ма еді?
Сауалнамаға 1139 адам қатысты.

  • Иә
     
    848 (74%)
  • Жоқ
     
    158 (13%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    133 (11%)
29 қараша 2016

Қылмыстық кодекстің М. Боқаев пен Т. Аяновқа таңылған баптарын билік Тәуелсіздік мерейтойының құрметіне шығатын амнистия туралы заңға қоса ма?
Сауалнамаға 746 адам қатысты.

  • Иә
     
    173 (23%)
  • Жоқ
     
    506 (67%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    67 (8%)
22 қараша 2016

Сіздің болжамыңыз, жағдайға берер бағаңыз: «жер митингілері» туралы іс бойынша сот үкімі әділетсіз болған жағдайда (көптеген азаматтық белсенділердің пікірі бойынша) Атырау облысында рұқсат етілмеген наразылық митингілері мен пикеттер болуы мүмкін бе?
Сауалнамаға 746 адам қатысты.

  • Иә
     
    271 (36%)
  • Жоқ
     
    382 (51%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    93 (12%)
15 қараша 2016

«– Парижге қайтадан барғым келіп тұр... – Демек, сіз онда болғансыз ғой. – Жоқ, мен өткен жылы да барғым келген». Cізді Францияда музейлерден гөрі дүкендер қызықтырар ма еді?
Сауалнамаға 51082 адам қатысты.

  • Иә
     
    115 (0%)
  • Жоқ
     
    50899 (99%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    68 (0%)
8 қараша 2016

Қалай ойлайсыздар, Макс Боқаев пен Талғат Аянов кем дегенде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылады ма?
Сауалнамаға 1208 адам қатысты.

  • Иә
     
    823 (68%)
  • Жоқ
     
    232 (19%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    153 (12%)
1 қараша 2016

5 жылдан 10 жылға дейін бостандықтан айырылу қаупі төніп тұрса да, «Жер митингілері туралы» іс бойынша сотталушылар Макс БОКАЕВ пен Талғат АЯНОВ тағы да процессуалдық келісім мен кінәларын мойындаудан, яғни, жазаларын жеңілдету мүмкіндігінен бас тартты. Олардың бұл әрекеттері дұрыс па?
Сауалнамаға 915 адам қатысты.

  • Иә
     
    669 (73%)
  • Жоқ
     
    107 (11%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    139 (15%)
25 қазан 2016

Жол-патрульдік қызмет қызметкерлерін жаппай жұмыстан шығару және жалақыларын екі есеге көбейтіп, жұмысқа жаңа полицейлерді алу олардың арасындағы жемқорлықты түп тамырымен жоюға көмектесе ме?
Сауалнамаға 963 адам қатысты.

  • Иә
     
    301 (31%)
  • Жоқ
     
    581 (60%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    81 (8%)
18 қазан 2016

«Шымкент сыра» зауытының президенті Тоқтар Төлешов Қазақстанның вице-президенті бола алар ма еді?
Сауалнамаға 1169 адам қатысты.

  • Иә
     
    114 (9%)
  • Жоқ
     
    971 (83%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    84 (7%)
11 қазан 2016

12 қазан күні бес айдан бері темір тордың ар жағында отырған азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аяновқа қатысты қылмыстық істі сотта қарау басталады. Айыптау қорытындысына сәйкес, оларды 5 жылдан 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Олар мұндай жазаға лайық па?
Сауалнамаға 1231 адам қатысты.

  • Иә
     
    126 (10%)
  • Жоқ
     
    994 (80%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    111 (9%)
4 қазан 2016

Қазақстанда билік ауысқаннан кейін люстрация қажет бола ма?
Сауалнамаға 754 адам қатысты.

  • Иә
     
    602 (79%)
  • Жоқ
     
    72 (9%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    80 (10%)
27 қыркүйек 2016

Матаевтардың ісі тапсырыс па?
Сауалнамаға 911 адам қатысты.

  • Иә
     
    653 (71%)
  • Жоқ
     
    103 (11%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    155 (17%)
20 қыркүйек 2016

Мемлекеттік балабақшалар мен мектептердің жұмыс сапасына көңіліңіз тола ма?
Сауалнамаға 941 адам қатысты.

  • Иә
     
    124 (13%)
  • Жоқ
     
    726 (77%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    91 (9%)
13 қыркүйек 2016

Сіз Қазақстандағы судьялар сотта төрелік етуге тағайындалған кезде шынымен де тәуелсіз және тек қана Конституция мен заңға бағынатынына сенімдісіз бе?
Сауалнамаға 1104 адам қатысты.

  • Иә
     
    40 (3%)
  • Жоқ
     
    1004 (90%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    60 (5%)
6 қыркүйек 2016

Газ иісінен қорықпай терезеңізді түнде ашық қалдырасыз ба?
Сауалнамаға 924 адам қатысты.

  • Иә
     
    528 (57%)
  • Жоқ
     
    361 (39%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    35 (3%)
30 тамыз 2016

Сізге аптасына ең аз дегенде бір рет хал-жайыңыз бен жалпы денсаулығыңызды нашарлатқаны байқалатын ауада зиянды заттардың бары сезіле ме?
Сауалнамаға 1307 адам қатысты.

  • Иә
     
    1253 (95%)
  • Жоқ
     
    38 (2%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    16 (1%)
24 тамыз 2016

Біздің құқық қорғау органдарымыз бен соттарымыз «тапсырысты» орындай ала ма?
Сауалнамаға 850 адам қатысты.

  • Иә
     
    763 (89%)
  • Жоқ
     
    41 (4%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    46 (5%)
16 тамыз 2016

Жер реформасы жөніндегі комиссия өз жұмысын аяқтады. Ол сіздің үмітіңізді ақтады ма?
Сауалнамаға 888 адам қатысты.

  • Иә
     
    111 (12%)
  • Жоқ
     
    651 (73%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    126 (14%)
9 тамыз 2016

Жоғары шенді шенеуніктер келген кезде ресми шараларды жол қозғалысында және басқа да қолайсыздықтарсыз жүзеге асыруға болмай ма?
Сауалнамаға 961 адам қатысты.

  • Иә
     
    818 (85%)
  • Жоқ
     
    120 (12%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    23 (2%)
2 тамыз 2016

ҚР БҒМ Анкараның ескертуіне қазақ-түрік лицейлері жабылмайды деп жауап берді. Бұл дұрыс шешім бе?
Сауалнамаға 982 адам қатысты.

  • Иә
     
    624 (63%)
  • Жоқ
     
    251 (25%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    107 (10%)
26 шілде 2016

Жер реформасы жөніндегі комиссиямен кездесуде сөз сөйлегендердің бір бөлігі Макс Боқаев пен Талғат Аянды босатуды талап етті. Қалай ойлайсыздар: егер олар Атырауда өткен сәуірдегі митингіде бастамашылар болып шықпағанда президент Жер кодексіне түзетулерге мораторий жариялар ма еді?
Сауалнамаға 1173 адам қатысты.

  • Иә
     
    115 (9%)
  • Жоқ
     
    993 (84%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    65 (5%)
19 шілде 2016

Сауда нүктелерінде нанның, ұнның, қанттың едәуір қымбаттағаны байқалады. Сіздің отбасылық бюджетіңізге баға өсімі қатты әсер етті ме?
Сауалнамаға 1355 адам қатысты.

  • Иә
     
    1158 (85%)
  • жоқ
     
    137 (10%)
  • Жауап беру қиын
     
    60 (4%)
12 шілде 2016

ҰҚК-нің нұсқасы бойынша, Шымкент сыра зауытының директоры Т.Төлешов Атыраудағы азаматтық белсенділерді сәуірде Атырауда және мамырда Алматыда Жер кодексі бойынша митингтер ұйымдастырсын деп қаржыландырған. Сіз бұған сенесіз бе?
Сауалнамаға 1665 адам қатысты.

  • Иә
     
    145 (8%)
  • Жоқ
     
    1406 (84%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    114 (6%)
5 шілде 2016

6 шілде – Астана күні және Нұрсұлтан Әбішұлының туған күні. Сіз өз президентіңізге разысыз ба?
Сауалнамаға 1897 адам қатысты.

  • Иә
     
    539 (28%)
  • Жоқ
     
    1061 (55%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    297 (15%)
28 маусым 2016

Өңірдің жаңа басшысының «100 күні» әдеттегідей кадрлық ауыс-түйістерсіз өтіп жатыр. Оған команданы ауыстыру қажет пе?
Сауалнамаға 841 адам қатысты.

  • Иә
     
    536 (63%)
  • Жоқ
     
    177 (21%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    128 (15%)
21 маусым 2016

Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанда президент болуға дайын әйелдердің бар екенін мәлім етті. Сіз қалай ойлайсыз, оның қызы Дариға келесі сайлауда үміткерлердің бірі атана ма?
Сауалнамаға 1616 адам қатысты.

  • Иә
     
    1077 (66%)
  • Жоқ
     
    425 (26%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    114 (7%)
14 маусым 2016

Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Г.Қарағұсованың республикалық бюджеттегі «тесікті» азаматтардың зейнетақы жинақтары арқылы толтыру туралы ұсынысымен келісесіздер ме?
Сауалнамаға 1534 адам қатысты.

  • Иә
     
    52 (3%)
  • Жоқ
     
    1463 (95%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    19 (1%)
7 маусым 2016

ҰҚК-нің жорамалы бойынша, жуырда болған жерге қатысты митингілерді қаржыландырған АҚШ емес, қыста қамауға алынған «Шымкент сырасы» зауытының қожайыны екен. Оның Ресейдің арнайы қызметтерімен тығыз байланыста болғандығы айтылған еді. Енді бізге ТВ арқылы қалтаға доллар емес, рубльдерді жасырып жатқанын көрсетуге міндетті ме?
Сауалнамаға 1205 адам қатысты.

  • Иә
     
    794 (65%)
  • Жоқ
     
    261 (21%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    150 (12%)
31 мамыр 2016

Бас прокуратураның 21 мамырдағы оқиғалар туралы ресми мәлімдемесінде Атырауда қамауға алынған азаматтық белсенділер мен әзірге белгісіз арандатушылар бүлік жасап, еліміздегі билікті басып алуды жоспарлаған делінген. Осындай ауыр айыптауларға сенесіз бе?
Сауалнамаға 1562 адам қатысты.

  • Иә
     
    170 (10%)
  • Жоқ
     
    1310 (83%)
  • Жауап беру қиын
     
    82 (5%)
24 мамыр 2016

Атырауда болған жер мәселесіне қатысты наразылық акциясы аяқ астынан өздігінен болған емес, сыртқы күштер мен Қазақстанның қазіргі билігінің ішкі жаулары ақша төлеп ұйымдастырған деген пікірмен келісесіз бе?
Сауалнамаға 1665 адам қатысты.

  • Иә
     
    287 (17%)
  • Жоқ
     
    1264 (75%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    114 (6%)
17 мамыр 2016

Атырау қаласы әкімдігінің азаматтық белсенділерге 21 мамыр күні Исатай мен Махамбет алаңында митинг-концерт өткізуге рұқсат бермеу туралы шешімі дұрыс болды ма?
Сауалнамаға 2062 адам қатысты.

  • Иә
     
    404 (19%)
  • Жоқ
     
    1473 (71%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    185 (8%)
10 мамыр 2016

Президент кейбір министрлерді ауыстырды. Осыдан кейін сіз қазіргі үкімет пен парламент құрамына сенім артасыз ба?
Сауалнамаға 1466 адам қатысты.

  • Иә
     
    52 (3%)
  • Жоқ
     
    1336 (91%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    78 (5%)
3 мамыр 2016

Президенттің көпшілік алдында жасаған ескертуіне қарамастан Ақордадан бір шақырым қашық жерде ЭКСПО құрылысынан 10 млрд теңге ұрланған. Әр аудан және ауыл әкімінің жер мәселесіне қатысты шешімдерін бақылау мүмкін бе?
Сауалнамаға 1126 адам қатысты.

  • Иә
     
    331 (29%)
  • Жоқ
     
    751 (66%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    44 (3%)
26 сәуір 2016

Сіз 24 сәуір күні Атырауда өткен митингі Резолюциясының «қазіргі құжатта Қазақстан халқының мүддесіне сәйкес келмейтіндіктен» ҚР Жер кодексін түбегейлі өзгерту туралы басты талабымен келісіп, астына қол қояр ма едіңіз (әлде қолыңызды қойдыңыз ба)?
Сауалнамаға 1642 адам қатысты.

  • Иә
     
    1337 (81%)
  • Жоқ
     
    196 (11%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    109 (6%)
19 сәуір 2016

Қазақстан мұнай, металл, көмірдің төмен бағасы жағдайында дағдарыстан шыға ала ма?
Сауалнамаға 1373 адам қатысты.

  • Иә
     
    363 (26%)
  • Жоқ
     
    878 (63%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    130 (9%)
12 сәуір 2016

Облыста көктемгі балық аулау маусымы басталды. Өткен жылы қара уылдырықтың дәмін тата алдыңыз ба?
Сауалнамаға 1272 адам қатысты.

  • Иә
     
    115 (9%)
  • Жоқ
     
    1157 (90%)
5 сәуір 2016

Өткен жылы облыстың барлық құқыққорғау органдары 799 балық шаруашылығына қатысты құқықбұзушылықты тіркеп, сотқа 133 қылмыстық іс жолданды. 6 млн теңге айыппұл салынып, 83 тонна балық тәркіленді (соның ішінде 2,5 тонна бекіретұқымдас балық бар). Сіз жыл бойына небары 14,2 кг қара уылдырық тәркіленгеніне сенесіз бе?
Сауалнамаға 1185 адам қатысты.

  • Иә
     
    26 (2%)
  • Жоқ
     
    1123 (94%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    36 (3%)
29 наурыз 2016

Атырау облысының әкімі қызметіне Ақтөбе облысының тумасы Нұрлан НОҒАЕВ тағайындалды, ол оған дейін 4 жыл көршілес Батыс Қазақстан облысын басқарған болатын. Сіздің алғашқы әсеріңіз және блиц-сауалнама: біздің өңірімізге жаңа басшы оң өзгерістер әкеле ме?
Сауалнамаға 2125 адам қатысты.

  • Иә
     
    86 (4%)
  • Жоқ
     
    1649 (77%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    390 (18%)
22 наурыз 2016

Cіз сайлау алдында «декларациядағы айырмашылықтар үшін» деген себеппен Атырау қалалық және облыстық мәслихаттар депутаттығына үміткерлер қатарынан алып тастаған қоғам белсенділері Талғат АЯНҒА, Макс БОҚАЕВҚА және Әсель НҰРҒАЗИЕВАҒА дауыс берер ме едіңіз?
Сауалнамаға 2797 адам қатысты.

  • Иә
     
    1927 (68%)
  • Жоқ
     
    762 (27%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    108 (3%)
15 наурыз 2016

Өміріңіздің жақсара түсуі алдағы сайлау нәтижелеріне байланысты деп ойлайсыз ба?
Сауалнамаға 1548 адам қатысты.

  • Иә
     
    66 (4%)
  • Жоқ
     
    1432 (92%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    50 (3%)
8 наурыз 2016

«Қыздардың ең жақын досы - гауһар тас» деген тұжырым дұрыс па?
Сауалнамаға 1269 адам қатысты.

  • Иә
     
    547 (43%)
  • Жоқ
     
    631 (49%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    91 (7%)
1 наурыз 2016

Жаңа білім және ғылым министрі мектептер мен жоғары оқу орындарында математиканы және басқа да техникалық пәндерді ағылшын тілінде оқытуды ұсынып отыр (шамамен қазақ-түрік лицейлерінде сияқты), әйтпесе біз көштен қалады екенбіз. Сіз онымен келісесіз бе?
Сауалнамаға 1451 адам қатысты.

  • Иә
     
    560 (38%)
  • Жоқ
     
    811 (55%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    80 (5%)
23 ақпан 2016

Сіздің ойыңызша ҚР журналистер Одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаевты қылмыстық қудалау тапсырыс па?
Сауалнамаға 1143 адам қатысты.

  • Иә
     
    679 (59%)
  • Жоқ
     
    190 (16%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    274 (23%)
9 ақпан 2016

Бұрын сіздің округіңізден сайланған облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихат депутатының аты-жөні есіңізде ме?
Сауалнамаға 1832 адам қатысты.

  • Иә
     
    59 (3%)
  • Жоқ
     
    1773 (96%)
2 ақпан 2016

Нұрсұлтан Әбішұлы өзі тексеріп, бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер бағасының өткен жылғымен салыстырғанда да төмен екеніне көз жеткізгенін мәлім етті. Сіз барып жүрген базарлар мен дүкендерде де солай ма?
Сауалнамаға 1991 адам қатысты.

  • Иә
     
    48 (2%)
  • Жоқ
     
    1874 (94%)
  • Білмеймін
     
    69 (3%)
26 қаңтар 2016

ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың депутаттарын сайлау биылғы жылдың 20 наурызына белгіленген. Сіз дауыс беруге барасыз ба?
Сауалнамаға 1764 адам қатысты.

  • Иә
     
    205 (11%)
  • Жоқ
     
    1446 (81%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    113 (6%)
19 қаңтар 2016

Биыл Қазақстан экономикасының оңалуын күтесіз бе?
Сауалнамаға 1753 адам қатысты.

  • Иә
     
    244 (13%)
  • Жоқ
     
    1332 (75%)
  • Жауап беруге қиналамын
     
    177 (10%)
12 қаңтар 2016

Сіздің 300 000 теңгеден көп жинағыңыз бар ма және оны қандай валютада сақтайсыз?
Сауалнамаға 1860 адам қатысты.

  • Ұлттық
     
    302 (16%)
  • Шетелдік
     
    624 (33%)
  • Ондай жинағым жоқ
     
    934 (50%)
5 қаңтар 2016

Қазақстанда Патриоттық акт қабылдау жоспарланып отыр. Мүмкін, бұл сәйкестік болар, бірақ дәл осылай аталатын акт АҚШ-та 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі қайғылы оқиғалардан соң қабылданып, барлық интернет қолданушыларды тыңдау және бақылау заңдастырылған болатын. Қалай болғанда да, сіз өз қауіпсіздігіңіз үшін азаматтық құқығыңызға шектеу қоюмен келісесіз бе?
Сауалнамаға 1178 адам қатысты.

  • Иә
     
    244 (20%)
  • Жоқ
     
    856 (72%)
  • Білмеймін
     
    78 (6%)
29 желтоқсан 2015

Біздің сауалнамамызға қатысқандардың 63 пайызы 2014 жылға риза екендіктерін білдірді. Ал 2015 жылға ше?
Сауалнамаға 1039 адам қатысты.

  • Иә
     
    454 (43%)
  • Жоқ
     
    523 (50%)
  • Білмеймін
     
    62 (5%)
22 желтоқсан 2015

Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Талғат АҚУОВ ЕАЭО-ның 5 еліне (Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Армения) басқа ортақ валютаны жасауға Еуропадағыдай 15-20 жыл уақытты жоғалтпау үшін бірыңғай валюта – рубльді енгізуді ұсынды. Сізге жаңа жылда осындай сыйлық ұнар ма еді?
Сауалнамаға 1724 адам қатысты.

  • Иә
     
    631 (36%)
  • Жоқ
     
    985 (57%)
  • Білмеймін
     
    108 (6%)
15 желтоқсан 2015

Сіз республиканың әнұранын білесіз бе және оны біздің атағы шыққан спортшыларымыз бен балабақша тәрбиеленушілері секілді мемлекеттік тілде шабыттанып тұрып орындай аласыз ба?
Сауалнамаға 1194 адам қатысты.

  • Иә
     
    647 (54%)
  • Жоқ
     
    547 (45%)
8 желтоқсан 2015

Сіз немесе Сіздің отбасыңыздың мүшесі жұмыс жасайтын жерде штат санын немесе жұмыс уақыты мен еңбекақыны қысқарту жүріп жатқан жоқ па?
Сауалнамаға 1362 адам қатысты.

  • Иә
     
    908 (66%)
  • Жоқ
     
    372 (27%)
  • Білмеймін
     
    82 (6%)
1 желтоқсан 2015

Президент БЖЗҚ-ын Ұлттық банктің бақылауынан шығарып, 2016 жылы зейнетақы активтерін қазақстандық немесе шетелдік жекеменшік компаниялардың басқаруына беруді тапсырды. Бұл дұрыс шешім бе?
Сауалнамаға 1247 адам қатысты.

  • Иә
     
    183 (14%)
  • Жоқ
     
    908 (72%)
  • Білмеймін
     
    156 (12%)
24 қараша 2015

1 желтоқсанда еліміз тұңғыш президент Күнін тойлап, демалады. Нұрсұлтан Әбішұлының орнын басатын лайықты адам табыла ма?
Сауалнамаға 1688 адам қатысты.

  • Иә
     
    1200 (71%)
  • Жоқ
     
    274 (16%)
  • Білмеймін
     
    214 (12%)
17 қараша 2015

Жаңа жылдан бастап кәдімгі қалаш нанның бағасы 100 теңгеге дейін өседі деп күтілуде. Сіздің отбасылық бюджетіңізге бұл ауыр емес пе?
Сауалнамаға 1607 адам қатысты.

  • Иә
     
    521 (32%)
  • Жоқ
     
    1086 (67%)
10 қараша 2015

Ұлттық банктің жаңа төрағасы теңгені одан әрі еркін айналымға жіберді. Осыған байланысты Cіздің таяудағы екі айға жасаған доллар бағамына қатысты болжамыңыз қандай:
Сауалнамаға 1662 адам қатысты.

  • 315 теңгеден жоғары
     
    966 (58%)
  • 300-315 шамасында
     
    427 (25%)
  • 300 теңгеден төмен
     
    127 (7%)
  • Білмеймін
     
    142 (8%)
3 қараша 2015

Павлодар облысының әкімі мен оның ұлына қатысты екі даулы қылмыстық істен кейін алғашқысының өз лауазымында қалуға моральдық құқығы бар ма?
Сауалнамаға 1112 адам қатысты.

  • Иә
     
    63 (5%)
  • Жоқ
     
    999 (89%)
  • Білмеймін
     
    50 (4%)
27 қазан 2015

Ұлттық Банк басшысы банктерге қысқа мерзім ішінде 2 трлн теңге (олардың бірі – БЖЗҚ-дан) төленгенін мойындады. Банктер сол ақшаға доллар сатып алды. Қазақстандықтардың зейнетақы қорынан алынатын келесі триллион теңгені «дұрыс» шығындауға уәде беріп отыр, яғни мемлекеттік компанияларға және тағы да банктерге көмек үшін. Мүмкін бұл үкіметке «еңбек демалысына» кететін уақыт жеткен болар?
Сауалнамаға 1420 адам қатысты.

  • Иә
     
    1337 (94%)
  • Жоқ
     
    37 (2%)
  • Білмеймін
     
    46 (3%)
20 қазан 2015

Нұрсұлтан Әбішұлы мұнай, металлдар, көмір бағасының құлдырауы салдарынан «2007 – 2009 жылдардан да күшті, нағыз дағдарыс дендеп келеді» деп мәлімдеді. Қазақстан бұдан айналып өте алар ма еді?
Сауалнамаға 1595 адам қатысты.

  • Иә
     
    1140 (71%)
  • Жоқ
     
    331 (20%)
  • Білмеймін
     
    124 (7%)
13 қазан 2015

Қазақстанда аса ауыр емес қылмыспен (ұрлық, тонау, абайсызда кісі өлтіру және т.б.) сотталғандарды мерзімінен бұрын босата бастады. Сотта істі қарау шарттары келесідей: колония әкімшілігінің жағымды мінездемесі, жәбірленушілерге келтірген залалды өтеу және мерзімінен бұрын босату үшін әр қалған жылына бюджетке шамамен 180 мың теңге төлеу керек. Сіз заңдағы бұл өзгерістерді құптайсыз ба?
Сауалнамаға 1301 адам қатысты.

  • Иә
     
    361 (27%)
  • Жоқ
     
    834 (64%)
  • Білмеймін
     
    106 (8%)
6 қазан 2015

ОҚО-ның мәслихат депутаты Аманулла Раманқұл той кортеждеріне тыйым салудың орнына оны ақылы негізде жол-патрульдік қызметінің бастап жүруіне рұқсат беруді ұсынды. Сіз мұны қолдайсыз ба?
Сауалнамаға 1223 адам қатысты.

  • Иә
     
    342 (27%)
  • Жоқ
     
    836 (68%)
  • Білмеймін
     
    45 (3%)
29 қыркүйек 2015

Нұрсұлтан Әбішұлы Нью-Йоркте сөйлеген сөзінде ұлтүстілік әлемдік валютаны әзірлеуді және БҰҰ-ның штаб-пәтерін Америкадан Азияға көшіруді ұсынды. Ұлт қауымдастығы Қазақстанның осы және өзге де бастамаларын қабылдар ма екен?
Сауалнамаға 1287 адам қатысты.

  • Иә
     
    126 (9%)
  • Жоқ
     
    1057 (82%)
  • Білмеймін
     
    104 (8%)
22 қыркүйек 2015

Белгілі сөз орамындағы ел аттарын ауыстырып, қорғаныс министрі И. Тасмағамбетов былай деді: «Ресейде тұрақты дос та, жау да жоқ, Қытайда да осындай жағдай». Шынымен де айналамызда «Жау да емес, дос та еместер» жиналған ба?
Сауалнамаға 1193 адам қатысты.

  • Иә
     
    825 (69%)
  • Жоқ
     
    243 (20%)
  • Білмеймін
     
    125 (10%)
15 қыркүйек 2015

Елбасы жұртшылық талқысына салмай-ақ Қазақстанға екінші, бейресми Ұлы Дала елі деген атау берді. Бұл сізге ұнай ма?
Сауалнамаға 2723 адам қатысты.

  • Иә
     
    1312 (48%)
  • Жоқ
     
    1282 (47%)
  • Білмеймін
     
    129 (4%)
8 қыркүйек 2015

Нұрсұлтан Әбішұлы халықтың қымбат көліксіз, батыстың киімі мен тағамынсыз өмір сүре алатынын айтты. Қалай ойлайсыз, қазақстандықтардың көпшілігі бұған дейін фуа-гра деген – үйректің немесе қаздың майлы бауыры екенін білді ме?
Сауалнамаға 1723 адам қатысты.

  • Иә
     
    162 (9%)
  • Жоқ
     
    1441 (83%)
  • Білмеймін
     
    120 (6%)
1 қыркүйек 2015

Аз қамтылған отбасының балалары, жетімдер мен тірі ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тегін, ал қалған оқушылар мектеп кітапханасының мүмкіндігіне қарай және жетіспейтін кітаптарды дүкеннен сатып алып, оқулықтармен қамтылуы тиіс. Биыл облыстық бюджеттен мектеп оқулықтарын сатып алуға 647 млн теңге бөлінді. Сіз тегін немесе сатып алу арқылы оқулықтарды толықтай ала алдыңыз ба?
Сауалнамаға 776 адам қатысты.

  • Иә
     
    229 (29%)
  • Жоқ
     
    353 (45%)
  • Иә, бірақ толық емес
     
    194 (25%)
25 тамыз 2015

Президенттің қыркүйек айында Атырауға келетін сапарында облыс әкімі ауысады деп күтілуде. Егер бұл рас болса, сіздің пікіріңізше өңірімізді кім басқаруы керек?
Сауалнамаға 1651 адам қатысты.

  • И. Тасмағамбетовтың бұрынғы командасының мүшесі
     
    694 (42%)
  • Б. Ізмұхамбетовтың қазіргі командасының мүшесі
     
    73 (4%)
  • Еш топқа қосылмайтын жергілікті адам
     
    505 (30%)
  • Орталықтан немесе басқа өңірден келген адам
     
    379 (22%)
18 тамыз 2015

Сіздің ұжымыңызда (мекемелерде, оқу орындарында, аулада) облыс аумағында дін саласында ағартушылық жұмысты жүзеге асыратын ақпараттық-үгіт-насихат топтарымен кездесу ұйымдастыру қажет пе?
Сауалнамаға 1092 адам қатысты.

  • Иә
     
    531 (48%)
  • Жоқ
     
    501 (45%)
  • Білмеймін
     
    60 (5%)
11 тамыз 2015

Тура үш жыл бұрын – 2012 жылдың 15 тамызында – Атырау облысының әкімі болып Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ тағайындалған болатын. Оның жұмысы қандай бағаға лайық?
Сауалнамаға 2083 адам қатысты.

  • Өте жақсы
     
    73 (3%)
  • Жақсы
     
    130 (6%)
  • Қанағаттанарлық
     
    597 (28%)
  • Нашар
     
    1283 (61%)
4 тамыз 2015

Нұрсұлтан Әбішұлы қаржыны жаппай үнемдеуге шақырды. Сіз бұл сөздерді тойларды, мерейтойларды, еске алу рәсімдерін өткізу шығындарына жатқызар ма едіңіз?
Сауалнамаға 1067 адам қатысты.

  • Иә
     
    589 (55%)
  • Жоқ
     
    413 (38%)
  • Білмеймін
     
    65 (6%)
28 шілде 2015

Көпжылдық келіссөздерден кейін президент Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы хаттамаға қол қойды. Ресми түрде еліміз 2015 жылдың аяғында ДСҰ-ның 162-ші мүшесі атанады. Сіз мұны игілік деп санайсыз ба?
Сауалнамаға 1017 адам қатысты.

  • Иә
     
    432 (42%)
  • Жоқ
     
    357 (35%)
  • Білмеймін
     
    228 (22%)
21 шілде 2015

Ғаламторда ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап тұрғындар үшін «Атырау Cу Арнасы» КМК тарифінің бір жарым есеге дерлік көтерілуіне қарсы үндеухатпен қол жинау жүріп жатыр. Қалай ойлайсыз, халықтың пікірі ескеріле ме?
Сауалнамаға 1315 адам қатысты.

  • Иә
     
    335 (25%)
  • Жоқ
     
    871 (66%)
  • Білмеймін
     
    109 (8%)
14 шілде 2015

Президент еліміз дүние жүзіне танылу үшін бәрін жасап жатыр. Осыған байланысты 2017 жылы ЭКСПО және Универсиада секілді халықаралық іс-шараларды өткізу шығындары орынды ма?
Сауалнамаға 1238 адам қатысты.

  • Иә
     
    160 (12%)
  • Жоқ
     
    993 (80%)
  • Білмеймін
     
    85 (6%)
7 шілде 2015

Өткен жылғы сауалнамада біздің сайт оқырмандарының 50 пайызы өздері немесе отбасы мүшелерінің біреуі Ораза ұстап жүр деп жауап берген болатын. Исламдағы ауыз бекіту бұл жылы тағы да ыстық кезеңге тап келді. Сіз немесе сіздің туысыңыз тән мен рухты сынау амалын бастан өткеріп отыр ма?
Сауалнамаға 1047 адам қатысты.

  • Иә
     
    568 (54%)
  • Жоқ
     
    479 (45%)
30 маусым 2015

Маусымның ортасынан бастап аномальды ыстық ауа райы сақталып тұр. Синоптиктердің мәліметінше, қалада ауа температурасы әрі кеткенде 42 градус болып тұр. Ал, терезе сыртындағы тұрмыстық термометрлер 50-ден асырып көрсетіп отыр. Сіз ресми болжамдарға сенесіз бе?
Сауалнамаға 1473 адам қатысты.

  • Иә
     
    171 (11%)
  • Жоқ
     
    1245 (84%)
  • Білмеймін
     
    57 (3%)
23 маусым 2015

Былтырғы маусым айындағы сауалнамада біздің сайттың 63 пайыз оқырманы демалысқа баруға ақша жоқ деп жауап берген болатын. Сіздің материалдық жағдайыңыз жақсарды ма және сіз биыл жазда демалуды жоспарлап отырсыз ба? Демалысыңызды қайда өткізесіз?
Сауалнамаға 1273 адам қатысты.

  • Қазақстанда
     
    189 (14%)
  • Таяу шетелде
     
    119 (9%)
  • Алыс шетелде
     
    100 (7%)
  • Демалуға тағы да ақша жоқ
     
    865 (67%)
16 маусым 2015

Адам неғұрлым көбірек табыс тапса, ол бюджетке соғұрлым көбірек салық төлейді. Сонда тегін оқулықтарды жоюға тырысатын және ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап бюджетті үнемдеу және ауқатты отбасынан шыққан балалар үшін мұндай жеңілдіктерге «жол бермеу» мақсатында мектептерде тегін тамақ беруді алып тастаған кейбір министрлердің және Парламент депутаттарының сөздері мен әрекеттерінде қисын бар ма?
Сауалнамаға 853 адам қатысты.

  • Иә
     
    79 (9%)
  • Жоқ
     
    720 (84%)
  • Білмеймін
     
    54 (6%)
9 маусым 2015

Бірыңғай ұлттық тестілеу аяқталды. Биыл мектеп бітірген туыстарыңыз қайда оқуды жоспарлап отыр?
Сауалнамаға 899 адам қатысты.

  • Жергілікті ЖОО-да
     
    173 (19%)
  • ҚР-ның басқа қаласында
     
    254 (28%)
  • ТМД-да
     
    166 (18%)
  • Алыс шетелде
     
    164 (18%)
  • Әзірге ешқайда. Жұмысқа немесе әскерге
     
    142 (15%)
2 маусым 2015

Мемлекеттік резиденцияның жанындағы өзенге дейінгі темір қоршау кешкі серуендеуге және атыраулықтар үшін Жайық өзені жағалауымен қаланың бір бөлігінен келесі бетіне еркін өтуіне кедергі болып отыр. Облыс әкімі орын алған қолайсыздықты қауіпсіздік талаптарымен, соның ішінде, мемлекеттің бірінші тұлғалары қауіпсіздігінің талаптарымен түсіндіріп отыр. Билік ымыраға келу туралы шешімді табуға тиіс пе? Мәселен, жағалауды жоғары лауазымды қонақ іссапармен келген кезде ғана жапса?
Сауалнамаға 1298 адам қатысты.

  • Иә
     
    1161 (89%)
  • Жоқ
     
    110 (8%)
  • Білмеймін
     
    27 (2%)
26 мамыр 2015

Сіздің балаларыңыздың (жиендеріңіздің, немерелеріңіздің) мектебінде бітіру кештерін өткізуге және мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін ақшалай қаражат жинай ма? Егер жинаса, қандай сома көлемінде?
Сауалнамаға 1132 адам қатысты.

  • Жинайды, бірақ бермеймін
     
    101 (8%)
  • 5 000 – 25 000
     
    95 (8%)
  • 30 000 – 50 000
     
    512 (45%)
  • 50 000 теңгеден жоғары
     
    206 (18%)
19 мамыр 2015

ҰҚК-нің арнайы тобы 14 мамырда павлодарлық «Версия» газетінің редакторы Ярослав Голышкинді ұстады, ал 16 мамырда оны 2 айға қамауға алу үшін сот санкциясын алды. Оның облыс әкімінің мемлекеттік резиденциясында бойжеткенді зорлау фактісін жеке тергеумен айналысқаны белгілі болды. Ал бұл қылмыстық іске әкімнің ұлы куәгер ретінде қатысып отыр. Өзінің сыни мақалаларымен танымал журналисті әкімді бопсалап, ақша талап етті деген күдікпен қамауға алды. Бұл тапсырыс беру арқылы кек алу болуы мүмкін бе?
Сауалнамаға 1189 адам қатысты.

  • Иә
     
    902 (75%)
  • Жоқ
     
    143 (12%)
  • Білмеймін
     
    144 (12%)
12 мамыр 2015

ІІД Әкімшілік полиция ғимаратында автокөлікке құжаттар рәсімдеуге байланысты процедуралар үшін электронды кезек жүйесін орнату қажет деп есептейсіз бе?
Сауалнамаға 1331 адам қатысты.

  • Иә
     
    1249 (93%)
  • Жоқ
     
    44 (3%)
  • Маған бәрібір
     
    38 (2%)
5 мамыр 2015

Таяуда Атырау облысы өткен жылы 13-ші орында болғанына қарамастан медицинаның дамуы жөніндегі рейтингте бірінші орынға шықты. Астана 10-шы орында, алматылық дәрігерлерде – «қола». Сарапшылар өмір ұзақтығы, жарақаттан, қайғылы жағдайлар мен уланулардан, ЖКО салдарынан және туберкулез бен қан айналымы жүйесі ауруларынан болған өлім-жітім көрсеткіші бойынша бағалаған. Ал шындығында медицинада өткен жылдағыға қарағанда жақсы жағына қарай күрт өзгеріс болды ма?
Сауалнамаға 1207 адам қатысты.

  • Иә
     
    78 (6%)
  • Жоқ
     
    985 (81%)
  • Білмеймін
     
    144 (11%)
28 сәуір 2015

Қайта сайланған президент Н.Назарбаев: «Сыбайласқан емес... кәсіби мемлекеттік аппарат құрамыз... оған тек лайықты адам өтеді...». Бұл оның қолынан келе ме?
Сауалнамаға 1420 адам қатысты.

  • Иә
     
    167 (11%)
  • Жоқ
     
    1091 (76%)
  • Білмеймін
     
    162 (11%)
21 сәуір 2015

26 сәуірде ҚР президентін мерзімінен бұрын сайлау өтті. Сіз үш үміткердің қайсысына дауыс бердіңіз?
Сауалнамаға 1453 адам қатысты.

  • Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы
     
    218 (15%)
  • Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
     
    1036 (71%)
  • Сыздықов Тұрғын Ысқақұлы
     
    199 (13%)
14 сәуір 2015

Н.Назарбаевтың пікірінше, орта топтағы адам – бұл «әжептәуір жұмысы бар, үйі, отбасы, қатынас көлігі бар, жақсы демала алатын, балаларын жақсы оқыта алатын адам және тағы басқа... Бұл орта топ кем дегенде 50 пайыз болуы тиіс, ал бізде әзірге 25-30 пайыз». Сіз бұл тізімге кіресіз бе?
Сауалнамаға 1745 адам қатысты.

  • Иә
     
    543 (31%)
  • Жоқ
     
    1024 (58%)
  • Сенімді емеспін
     
    178 (10%)
7 сәуір 2015

26 сәуірде ҚР президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Сіз немесе сіздің отбасыңыздың мүшелері сайлауға қатысуға ниетті ме?
Сауалнамаға 1346 адам қатысты.

  • Иә
     
    525 (39%)
  • Жоқ
     
    698 (51%)
  • Білмеймін
     
    123 (9%)
31 наурыз 2015

Батуттар, аттракциондардың иелері, тәттілер мен салқын сусындарды сатушылар бірнеше жылдан бері қаланың алаңдары мен аллеяларында жұмыс істеуге ресми рұқсат ала алмай отыр. Сіздің отбасыңызға мұндай қызмет қажет пе?
Сауалнамаға 1302 адам қатысты.

  • Иә
     
    470 (36%)
  • Жоқ
     
    770 (59%)
  • Білмеймін
     
    62 (4%)
24 наурыз 2015

Ресей президенті В.Путин ЕАЭҚ аймағында ортақ валюта енгізуді ұсынды. Сіз жаңа валюта үшін теңгеден бас тартуға дайынсыз ба?
Сауалнамаға 1552 адам қатысты.

  • Иә
     
    518 (33%)
  • Жоқ
     
    945 (60%)
  • Білмеймін
     
    89 (5%)
17 наурыз 2015

Облыстық соттың аппеляциялық алқасы экс-әкімнің ісі бойынша сотталғандардың барлық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Үкімге тағы бірнеше инстанцияларда шағымдануға болады, бірақ оның өзгеретініне үміт бар ма?
Сауалнамаға 747 адам қатысты.

  • Иә
     
    154 (20%)
  • Жоқ
     
    496 (66%)
  • Білмеймін
     
    97 (12%)
10 наурыз 2015

Қазақстан кәсіпкерлері Ресейден әкелініп жатқан арзан тауарлардың ағыны күйреуге жеткізіп отырғанына шағымданады және үкіметтен оларды әкелуге тыйым салуды немесе кедендік баж салығын енгізуді сұрап отыр. Отандық өндірушіні қорғау шараларын қолдану қажет пе?
Сауалнамаға 1464 адам қатысты.

  • Иә
     
    265 (18%)
  • Жоқ
     
    1135 (77%)
  • Білмеймін
     
    64 (4%)
3 наурыз 2015

Қызылшадан иммундау науқаны бүгінде еліміз бойынша жүзден астам баланы аурухана төсегіне таңды, оның ішінде Атырау да бар. Осыған байланысты иммундауды 4 мамырға дейін кейінге қалдырды. Егер бұл екпелер балаларымыздың денсаулығына қажетті деп танылса, сіз балаңызға вакцина салдыруға келісіміңізді бересіз бе?
Сауалнамаға 1324 адам қатысты.

  • Иә
     
    137 (10%)
  • Жоқ
     
    1081 (81%)
  • Білмеймін
     
    106 (8%)
24 ақпан 2015

Сіз Қазақстандағы мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу идеясын қолдайсыз ба?
Сауалнамаға 1576 адам қатысты.

  • Иә
     
    359 (22%)
  • Жоқ
     
    1070 (67%)
  • Білмеймін
     
    147 (9%)
17 ақпан 2015

Н. Назарбаев бүкіл халықты тек қана қазақстандық тауарды сатып алып, отандық өндірушілерді қолдауға шақырды. Сіз мұны жасайсыз ба?
Сауалнамаға 1502 адам қатысты.

  • Иә
     
    688 (45%)
  • Жоқ
     
    814 (54%)
10 ақпан 2015

Қашағанда жаңа құбыр желілерін жүргізу бойынша $1,8 млрд-қа бағаланған тендерді тағы да беті бүлк етпестен итальяндықтар мен Астанадағы екі белгілі шенеуніктің үлесі бар сол бір компания жеңіп алды. Бұл жерде қызмет бабын пайдалану арқылы өз мүдделерін тықпалау белгілері бар ма?
Сауалнамаға 1424 адам қатысты.

  • Иә
     
    1334 (93%)
  • Жоқ
     
    44 (3%)
  • Білмеймін
     
    46 (3%)
3 ақпан 2015

30 қаңтарда бірінші вице-премьер Б.САҒЫНТАЕВ РФ-тан келетін арзан тауарлар үшін шекара ашық болып қалады және теңге девальвациясы болмайды деп мәлімдеді. ҚР экономикасы мұндай бәсекелестікті көтере ала ма?
Сауалнамаға 1129 адам қатысты.

  • Иә
     
    258 (22%)
  • Жоқ
     
    744 (65%)
  • Білмеймін
     
    127 (11%)
27 қаңтар 2015

Медициналық көмек шұғыл жағдайларда (соның ішінде жедел оталар) кешеуілдемей көрсетілуі тиіс, қалған жағдайларда стационарда емдеу үшін дәрігер сізді қажетті анализ тапсырған соң ауруханаға жатқызу порталы бюросына кезекке қояды. Мұндай жүйе сізге қолайлы ма?
Сауалнамаға 1030 адам қатысты.

  • Иә
     
    259 (25%)
  • Жоқ
     
    726 (70%)
  • Білмеймін
     
    45 (4%)
20 қаңтар 2015

Астанада 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мәселесі қайта талқылануда. Балалардың партада отыруын ұзартқан жөн бе?
Сауалнамаға 1433 адам қатысты.

  • Иә
     
    47 (3%)
  • Жоқ
     
    1374 (95%)
  • Білмеймін
     
    12 (0%)
13 қаңтар 2015

Сіз жуырда енгізілген жол қозғалысы Ережесіндегі өзгертулерді құптайсыз ба?
Сауалнамаға 1286 адам қатысты.

  • Иә
     
    343 (26%)
  • Жоқ
     
    871 (67%)
  • Білмеймін
     
    72 (5%)
6 қаңтар 2015

Қазақстандықтардың өмірі 2015 жылы елдің ЕАЭО-қа кіруіне байланысты жақсара түсе ме?
Сауалнамаға 1056 адам қатысты.

  • Иә
     
    249 (23%)
  • Жоқ
     
    580 (54%)
  • Білмеймін
     
    227 (21%)
29 желтоқсан 2014

1 қаңтардан бастап біз ЕАЭО-та өмір сүреміз. Сіз бұл одақ туралы президент қол қойып, парламент мақұлдаған келісімшарттың ең болмағанда бір-екі негізгі қағидаларын білесіз бе?
Сауалнамаға 1117 адам қатысты.

  • Иә
     
    110 (9%)
  • Жоқ
     
    1007 (90%)
23 желтоқсан 2014

Өтіп бара жатқан 2014 жылға көңіліңіз тола ма?
Сауалнамаға 1059 адам қатысты.

  • Иә
     
    672 (63%)
  • Жоқ
     
    313 (29%)
  • Білмеймін
     
    74 (6%)
16 желтоқсан 2014

Қазақстан тәуелсіздігін тойлай отырып, болашақта республикамыз қандай болады деп елестетесіз?
Сауалнамаға 835 адам қатысты.

  • Президенттік
     
    377 (45%)
  • Президенттік-парламенттік
     
    196 (23%)
  • Парламенттік
     
    262 (31%)
9 желтоқсан 2014

2014 жылы біріктірілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына дефолтты зейнетақы қорларының 100 миллиардтаған шығындары «мұраға» қалды. Сіз енді шотыңыздағы ақша қозғалысына бақылау жасап отырасыз ба?
Сауалнамаға 792 адам қатысты.

  • Иә
     
    263 (33%)
  • Жоқ
     
    529 (66%)
2 желтоқсан 2014

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО-қа кіруге байланысты доллар, еуро және басқа да шетел валюталарының ҚР аумағында айналыста жүруін шектеу қажет пе?
Сауалнамаға 1077 адам қатысты.

  • Иә
     
    399 (37%)
  • Жоқ
     
    597 (55%)
  • Білмеймін
     
    81 (7%)
25 қараша 2014

Салқын түсті. Сіздің ЖЭО мен жылу жүйелері кәсіпорындарының жұмысына көңіліңіз тола ма?
Сауалнамаға 900 адам қатысты.

  • Иә
     
    379 (42%)
  • Жоқ
     
    521 (57%)
18 қараша 2014

Облыстың экс-әкімінің ісі бойынша сотталғандардың арасында оның екі орынбасары ең ұзақ мерзімге (15 және 12 жылға) бас бостандығынан айырылу жазасын алды. Сіз қалай ойлайсыз, Қазақстанның құқыққорғау органдары олардың бұрынғы басшыларын шынымен де іздестіріп жатыр ма?
Сауалнамаға 1247 адам қатысты.

  • Иә
     
    62 (4%)
  • Жоқ
     
    1063 (85%)
  • Білмеймін
     
    122 (9%)
11 қараша 2014

Мамандар елдің ақпараттық қауіпсіздігі, шетелдік БАҚ-тың халық санасын улауы жөнінде айтуда. Мәселен, сіз және сіздің балаларыңыз негізінен қандай телеарналарды көреді?
Сауалнамаға 1199 адам қатысты.

  • Қазақстандық
     
    296 (24%)
  • Ресейлік
     
    722 (60%)
  • Басқа телеарналар
     
    181 (15%)
4 қараша 2014

Кейбір қазақстандық психологтар баланы бірінші сыныпқа 6 жастан бастап беріп керек емес деп есептейді. Сіз мұнымен келісесіз бе?
Сауалнамаға 1282 адам қатысты.

  • Иә
     
    697 (54%)
  • Жоқ
     
    495 (38%)
  • Білмеймін
     
    90 (7%)
28 қазан 2014

Экс-әкім Б.Рысқалиевтың ҰҚҚ ісі бойынша (іздеу жарияланған оған және басқа адамдарға қатысты тергеу материалдары сотта қаралған жоқ) барлық 22 сотталушы соңғы сөздерін айтты, үкімді жариялау 10 қарашаға белгіленді. Аты шулы процесс барынша ашық өтті, сіз бұл тақырыпта толығырақ «АЖ»-дан 41 репортажды оқи аласыз. Сотталушылар мемлекеттік айыптаушылар сұраған (8 жылдан 18 жылға дейін) бас бостандығынан айыру мерзіміне лайық па?
Сауалнамаға 1401 адам қатысты.

  • Иә
     
    535 (38%)
  • Жоқ
     
    607 (43%)
  • Білмеймін
     
    259 (18%)
21 қазан 2014

Дәрігерлер «мұнай өнімдерінің жануы салдарынан қатты уланған» қашағандық D аралындағы жұмысшының өмірін аман алып қалды. Пациентте күкіртсутегінің әсер ету белгілері болғанына қарамастан, олардың облыстық ауруханада химиялық-токсикологиялық зертхана жоқ болғандықтан нақты диагноз қою құқығы мен мүмкіндігі болмады. Сіз қай кезде болсын, қаладағы кәсіпорындардың түнгі шығарындыларынан кейін улану белгілерін сезініп көрдіңіз бе?
Сауалнамаға 990 адам қатысты.

  • Иә
     
    692 (69%)
  • Жоқ
     
    171 (17%)
  • Білмеймін
     
    127 (12%)
14 қазан 2014

«АЖ»-ның шілдедегі сауалнамасында 1120 адамның 86 пайызы қысқы Олимпиада-2022 ойындарын Алматыда өткізуге қарсылықтарын білдірген болатын. Олар EXPO мен қысқы Универсиада-2017 ойындарын өткізудің өзі ел бюджетіне ауыр тиеді деп есептейді. Жуырда интернетте алматылықтардың қалада Олимпиада ойындарын өткізуге қарсы екендерін білдіретін петиция пайда болды. Оған 800-ден астам адам қол қойып үлгерген. Пессимистердің ойын өзгертуге ХОК президенті Томас БАХ ұшып келді. Халық арасында сауалнама жүргізу қажет пе?
Сауалнамаға 1096 адам қатысты.

  • Иә
     
    981 (89%)
  • Жоқ
     
    97 (8%)
  • Білмеймін
     
    18 (1%)
7 қазан 2014

Қазақстанның барлық өңірінде тойлар бірдей сценарий бойынша өтеді (атыраулықтардың жалғыз ғана ерекшелігі – салтанатты рәсім белгіленген уақыттан 3 сағат кейін басталады). Сіз «жұрттан қалмас үшін» қарыз алып немесе несие рәсімдеп той өткізер ме едіңіз?
Сауалнамаға 1413 адам қатысты.

  • Иә
     
    397 (28%)
  • Жоқ
     
    861 (60%)
  • Білмеймін
     
    155 (10%)
30 қыркүйек 2014

Атырауға биыл ҚР мен РФ президенттері қатысатын өңіраралық XI ынтымақтастық форумын қабылдау кезегі де келіп жетті. Қала ретке келтіріліп, бүкіл жанар-жағармай бекеттерінде бензин пайда болды. Енді мұнайлы астанада әрдайым осылай бола ма?
Сауалнамаға 1373 адам қатысты.

  • Иә
     
    116 (8%)
  • Жоқ
     
    1092 (79%)
  • Білмеймін
     
    165 (12%)
23 қыркүйек 2014

Cіз немесе сіздің балалаларыңыз осы жылы театрға спектакльге, музейге экскурсияға, картиналар галереясына барды ма?
Сауалнамаға 1117 адам қатысты.

  • Иә
     
    158 (14%)
  • Жоқ
     
    959 (85%)
16 қыркүйек 2014

Үкімет 2015 жылдың шілдесінен бастап құрылыс саласындағы мемлекеттік қабылдау комиссиясының қызметін тәуелсіз сарапшыларға бермек. Бұл дұрыс шешім бе?
Сауалнамаға 853 адам қатысты.

  • Иә
     
    218 (25%)
  • Жоқ
     
    528 (61%)
  • Білмеймін
     
    107 (12%)
9 қыркүйек 2014

ҚР БҒМ-нің барлық мектептерді оқулықтармен толық қамтылғандығы жөніндегі мәлімдемесіне қарамастан жаңа оқу жылы басталғалы бері барлық кітап дүкендерінде ата-аналардың ұзын-сонар кезегі байқалады. Осы жылы сіз оқулықтарға қанша қаржы жұмсадыңыз?
Сауалнамаға 898 адам қатысты.

  • 5 000 теңгеге дейін
     
    94 (10%)
  • 5 000-нан 10 000 теңгеге дейін
     
    209 (23%)
  • 10 000 теңгеден бастап және одан жоғары
     
    502 (55%)
  • Барлық оқулықтарды тегін алдық
     
    93 (10%)
2 қыркүйек 2014

1 қыркүйекте Қазақстанда мүлікті, соның ішінде, ақшалай қаржыларды заңдастыру акциясы басталды. Сіздің заңдастыратын дүниеңіз бар ма?
Сауалнамаға 1048 адам қатысты.

  • Иә
     
    103 (9%)
  • Жоқ
     
    945 (90%)
26 тамыз 2014

Орыстілді сыныптарда оқушыларға қазақ тілін жеткілікті деңгейде үйрете ме?
Сауалнамаға 1097 адам қатысты.

  • Иә
     
    182 (16%)
  • Жоқ
     
    718 (65%)
  • Білмеймін
     
    197 (17%)
19 тамыз 2014

Биыл Конституция күні – 30 тамыз, сенбі күніне сәйкес келуіне байланысты қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Мереке деген жақсы ғой, алайда сіз елдің негізгі заңын бір рет те болсын оқыдыңыз ба?
Сауалнамаға 1100 адам қатысты.

  • Иә
     
    342 (31%)
  • Жоқ
     
    758 (68%)
12 тамыз 2014

Өткен аптада Астанада ел үкіметі кезекті рет қайта құрылды. Сіздіңше, оның қажеті болды ма?
Сауалнамаға 921 адам қатысты.

  • Иә
     
    340 (36%)
  • Жоқ
     
    423 (45%)
  • Білмеймін
     
    158 (17%)
5 тамыз 2014

31 шілдеде шетел валютасын сатып алуға асыққан жұртшылықтың алаңдауы бекер болып шықты. Сіздіңше жылдың аяғында теңгенің долларға айырбас бағамы 200-ге дейін жете ме?
Сауалнамаға 1473 адам қатысты.

  • Иә
     
    802 (54%)
  • Жоқ
     
    467 (31%)
  • Білмеймін
     
    204 (13%)
29 шілде 2014

Болашақта ЕАЭО-ға бірыңғай валютаның енгізілуін қостайсыз ба?
Сауалнамаға 2246 адам қатысты.

  • Иә
     
    561 (24%)
  • Жоқ
     
    1574 (70%)
  • Білмеймін
     
    111 (4%)
22 шілде 2014

Бүгінгі күні Атырауда отбасын асырауға жететін және балаларды қандай да болмасын мамандыққа оқыта алатын табысы жақсы жұмыс табу оңай ма?
Сауалнамаға 1673 адам қатысты.

  • Иә
     
    193 (11%)
  • Жоқ
     
    1364 (81%)
  • Білмеймін
     
    116 (6%)
15 шілде 2014

Атырау қаласының кейбір тұрғындары мен қонақтары маса шағады деп шағымданады. Сіздің жеке өзіңізді осы проблема мазалай ма?
Сауалнамаға 1859 адам қатысты.

  • Иә
     
    1737 (93%)
  • Жоқ
     
    122 (6%)
8 шілде 2014

Бұл жылы Ораза ең ыстық кезеңге – 28 маусым мен 27 шілде аралығына келіп тұр. Намаз оқымайтындар да ауыз бекіте алады, басты шарты – таңның атысынан күннің батысына дейін тағамнан ғана емес, судан да бас тарту керек. Осы жолы өзіңіз ауыз бекіттіңіз бе әлде отбасы мүшелерінің бірі ораза тұтты ма?
Сауалнамаға 1272 адам қатысты.

  • Иә
     
    636 (50%)
  • Жоқ
     
    636 (50%)
1 шілде 2014

ҚР Дін істері жөніндегі агенттікте діни бірлестіктердің өз қағидалары бойынша неке туралы куәліксіз еркек пен әйелдің қарым-қатынасын тіркеуіне тыйым салатын заң жобасы әзірленуде. Мұндай заң керек пе?
Сауалнамаға 886 адам қатысты.

  • Иә
     
    593 (66%)
  • Жоқ
     
    236 (26%)
  • Білмеймін
     
    57 (6%)
24 маусым 2014

Сіздің отбасыңызға бір мәрте болса да медициналық көмек сапалы әрі тегін көрсетілді ме? Егер солай болса, қай жерде?
Сауалнамаға 1256 адам қатысты.

  • Жоқ
     
    805 (64%)
  • Аудандық ауруханада
     
    23 (1%)
  • Атырауда
     
    281 (22%)
  • Алматыда
     
    52 (4%)
  • Астанада
     
    50 (3%)
  • ҚР-ның басқа қалаларында
     
    45 (3%)
17 маусым 2014

Биыл жазда демалуды жоспарлап отырсыз ба? Және қайда демаласыз?
Сауалнамаға 1399 адам қатысты.

  • Қазақстанда
     
    187 (13%)
  • Таяу шетелде
     
    127 (9%)
  • Алыс шетелде
     
    198 (14%)
  • Демалуға ақша жоқ
     
    887 (63%)
10 маусым 2014

2004 жылдан бастап ҰБТ түлектердің білімін тексеру кезіндегі адам факторының (соның ішінде ұстаздар мен түлектердің және олардың ата-аналарымен арадағы өзара қарым-қатынас) ықпалын жойып, мектептердегі бітіру емтихандары мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарының орнын басты. Бұрынғы жүйені қайтару қажет пе?
Сауалнамаға 1109 адам қатысты.

  • Иә
     
    765 (68%)
  • Жоқ
     
    286 (25%)
  • Білмеймін
     
    58 (5%)
3 маусым 2014

2022 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге кететін алдағы шығындарды есептеген шведтік Стокгольм мен польшалық Краков өз тапсырыстарын қайтарып алды, енді Осло, Львов, Пекин және Алматы қалды. Қазақстан 2017 жылы ЭКСПО мен бүкіләлемдік Универсиаданы өткізеді, осыған байланысты бізге де ойыннан шығатын уақыт болған жоқ па?
Сауалнамаға 1120 адам қатысты.

  • Иә
     
    969 (86%)
  • Жоқ
     
    133 (11%)
  • Білмеймін
     
    18 (1%)
27 мамыр 2014

ЭСҚКА өзінің жаңа стратегиясы бойынша мемлекеттік қызметкерлерге тексеру жүргізуді жоспарлап отыр: қаржы полициясы қызметкерлері шенеуніктерді пара алуға өздері итермелейтін болады. Мұндай әдіс сіздерге сенім ұялата ма?
Сауалнамаға 1011 адам қатысты.

  • Иә
     
    179 (17%)
  • Жоқ
     
    796 (78%)
  • Білмеймін
     
    36 (3%)
20 мамыр 2014

Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында шетелдіктерге ауыл шаруашылығы үшін 10 жылға жалға жер телімдері бөлінген болатын. Ал ҚР-да 5 жылдан кем емес уақыт тұрып жатқан тұлғалар заң бойынша оның азаматтары бола алады. Атырау облысының тұзды топырағы мен жазғы қуаңшылығы шетелдік өсімдік өсірушілер үшін кедергі бола ала ма?
Сауалнамаға 976 адам қатысты.

  • Иә
     
    266 (27%)
  • Жоқ
     
    646 (66%)
  • Білмеймін
     
    64 (6%)
13 мамыр 2014

Сізде (соның ішінде, достарыңыз бен таныстарыңыздың растауынша) Атырау облысының аумағында жұмыс істейтін біріккен кәсіпорындар мен шетелдік компаниялардың қайсысында ол жерде жергілікті кадрларды жұмысқа қабылдау кезінде парақорлық, тамыр-таныстық немесе болашақ қызметкерлерге екіұшты ұсыныстар білдіру етек алған деген пікір қалыптасқан?
Сауалнамаға 1723 адам қатысты.

  • Аgip KCO, NCOC
     
    964 (55%)
  • Ersai
     
    102 (5%)
  • ESS
     
    74 (4%)
  • Halliburton
     
    7 (0%)
  • PFD (Fluor)
     
    48 (2%)
  • Saipem
     
    78 (4%)
  • Schlumberger
     
    32 (1%)
  • Tengizchevroil
     
    418 (24%)
6 мамыр 2014

Жеңіс Күні қарсаңында РФ Қылмыстық кодексі «Ұлтшылдықты оңалту» бабымен толықты. Бұл бап Халықаралық әскери трибуналының үкімімен бекітілген фактілерді теріске шығарғаны үшін, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі КСРО қызметі туралы көрінеу жалған мәлімет таратқаны үшін жауапкершілікті қарастырады. Мұнда айыппұлдан бастап бас бостандығын айыруға дейінгі жаза белгіленген. ҚР ҚК-іне осындай бапты енгізу қажет пе?
Сауалнамаға 858 адам қатысты.

  • Иә
     
    494 (57%)
  • Жоқ
     
    293 (34%)
  • Білмеймін
     
    71 (8%)
29 сәуір 2014

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат ДОСАЕВ Financial Times басылымына берген сұхбатында «Қашаған» кенішіндегі мұнай өндіру 200 шақырымдық тұрба ауыстырылғаннан кейін 2015 жылдың соңында немесе 2016 жылдың басында басталады деп мәлімдеді. Сіз оған сенесіз бе?
Сауалнамаға 1068 адам қатысты.

  • Иә, мәселенің бәрі тұрбада
     
    89 (8%)
  • Жоқ, жағдай бұдан да күрделі
     
    918 (85%)
  • Білмеймін
     
    61 (5%)
22 сәуір 2014

Мамыр айында Ресей, Қазақстан және Белоруссия президенттері 2015 жылдан бастап күшіне енетін Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қояды деп күтілуде. Ел билігі жаңа ұйымның пайдалы екендігіне сенімді, ал оппозиция мен бірқатар сарапшылар бұған күмән келтіреді. Бізге осы одаққа кіру қажет пе?
Сауалнамаға 1155 адам қатысты.

  • Иә
     
    407 (35%)
  • Жоқ
     
    633 (54%)
  • Білмеймін
     
    115 (9%)
15 сәуір 2014

2014-2015 жылдары тәуелсіз Қазақстан тарихында екінші рет капиталды арнайы банк шоттарына аудару арқылы заңдастыру жоспарланып отыр. Мұнда пайыздар да төленетін болады. Арнайы шоттардың қожайындары бағалы қағаздар, облигациялар, акциялар сатып алып, мемлекеттік меншікті жекешелендірудің жаңа толқынына қатыса алады. Ал ақшаны шоттан түсіріп алған жағдайда 10 пайыз алым ұсталынады. Капиталға рақымшылық жасаудың басты себебі – бұл:
Сауалнамаға 848 адам қатысты.

  • Шетелдегі шоттарды құтқару
     
    547 (64%)
  • Ел экономикасына көмектесу
     
    176 (20%)
  • Білмеймін
     
    125 (14%)
8 сәуір 2014

Путин Ауғанстаннан халықаралық күштер шығарылғаннан кейін туындауы мүмкін қауіп-қатерге байланысты бұрынғы одақтас республикалардың шекараларын күзетуге қолұшын беруге дайын екендігін мәлім етті. Қазақстан өз аумағын өз күшімен берік күзете ала ма?
Сауалнамаға 1409 адам қатысты.

  • Иә
     
    402 (28%)
  • Жоқ
     
    922 (65%)
  • Білмеймін
     
    85 (6%)
1 сәуір 2014

1 сәуірден бастап Қазақстанда базалық зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер мөлшері 12 пайызға дейін және азаматтық қызметкерлердің еңбекақысы ерекше еңбек жағдайында жұмыс істегендігі үшін берілетін ай сайынғы үстеме ақы есебінен 10 пайызға өсті. Осы үстемелердің барлығы ақпандағы теңгенің құнсыздануы мен бағаның көтерілуінің орнын толтыра ала ма?
Сауалнамаға 1220 адам қатысты.

  • Иә
     
    54 (4%)
  • Жоқ
     
    1143 (93%)
  • Білмеймін
     
    23 (1%)
25 наурыз 2014

15 жыл бұрын, 1999 жылдың 24 наурызында НАТО күштері БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің санкциясынсыз Югославияны бомбалауды бастады. 78 күнге жалғасқан бомбалау кезінде екі мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты, ел экономикасы күйреді. Әуе шабуылын бастауға бұрынғы Одақтық Югославия Республикасындағы этникаралық жанжалдар себеп болды. Сіз қалай ойлайсыз, адам шығыны мен бүліншіліктерді болдырмау мүмкін бе еді?
Сауалнамаға 1024 адам қатысты.

  • Иә
     
    843 (82%)
  • Жоқ
     
    129 (12%)
  • Білмеймін
     
    52 (5%)
18 наурыз 2014

Қарағандыда бірнеше ардагер коммунисттер 1991 жылдың 17 наурызында КСРО-ны сақтап қалу туралы ұмыт қалған референдум нәтижелерін қолдау мақсатында бейбіт акция өткізді. Егер осындай дауыс беру бүгінгі күні өткізілетін болса, сіз бұрынғы кеңестік республикалардың жаңа бірыңғай мемлекетке бірігуін мақұлдар ма едіңіз?
Сауалнамаға 1059 адам қатысты.

  • Иә
     
    329 (31%)
  • Жоқ
     
    694 (65%)
  • Білмеймін
     
    36 (3%)
11 наурыз 2014

1954 жылдың 19 ақпанында КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Қырымды РКФСР құрамынан Украинаға беруді ұйғарды. 2014 жылдың 16 наурызында жартыарал билігі референдум белгіледі. Енді азаматтар Қырым Автономиялық Республикасы РФ құрамында бола ма, әлде Украина құрамында болуы керек пе деген мәселені шешуге тиісті. Қазақстанның қандай да болмасын өңірінде сыртқы әскери күш қолданылған мұндай сценарийдің дамуы мүмкін бе?
Сауалнамаға 1527 адам қатысты.

  • Иә
     
    664 (43%)
  • Жоқ
     
    735 (48%)
  • Білмеймін
     
    128 (8%)
4 наурыз 2014

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов келер жылы азық-түліктердің көп бөлігін өзіміз өндіретін боламыз деп мәлімдеді. «Біз» дегені - бұл:
Сауалнамаға 1281 адам қатысты.

  • Атырау облысы
     
    262 (20%)
  • Қазақстан
     
    222 (17%)
  • Кедендік одақ
     
    797 (62%)
25 ақпан 2014

ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан СМАЙЫЛОВ жақында болған девальвациядан кейін бағаның соншалықты өскенін байқамаған екен. Сіздің байқауыңызша, бағалар қалай өзгерген?
Сауалнамаға 1412 адам қатысты.

  • Шарықтап өсті
     
    1219 (86%)
  • Сәл ғана көтерілген
     
    175 (12%)
  • Өзгерісті байқамадым
     
    18 (1%)
18 ақпан 2014

Алматылықтардан соң іле-шала Атыраудың бір топ жастары теңге девальвациясы мен бағаның көтерілуіне қарсы наразылық акциясын ұйымдастырды. Сондай-ақ, белсенділер қалалық әкімдікке митинг өткізу туралы өтініш жолдамақ, алайда өткен жылдары бұған рұқсат етпеген болатын. Жергілікті билік сіздерден қандай әрекеттер күтеді?
Сауалнамаға 1580 адам қатысты.

  • Рұқсат етсе – барамын
     
    428 (27%)
  • Рұқсат етпесе – бәрібір барамын
     
    716 (45%)
  • Қандай жағдай болмасын, бармаймын
     
    436 (27%)
11 ақпан 2014

Атырау облысына келген жұмыс сапары барысында Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ уақыт өте келе Қазақстанды Қазақ елі деп атау мәселесі қарастырылуы мүмкін екендігін айтты. «Бұл мәселе жөнінде алдымен халықпен ақылдасу керек», - деп атап өтті ол. Елдің атауын өзгерткен жөн бе?
Сауалнамаға 1998 адам қатысты.

  • Иә
     
    386 (19%)
  • Жоқ
     
    1547 (77%)
  • Білмеймін
     
    65 (3%)
4 ақпан 2014

Б.Рысқалиевтың ҰҚТ ісі бойынша 10-нан астам адвокат пен олардың қорғалушылары Атырау облысының бүкіл судьялары мен прокурорларына сенімсіздікпен қарап, қарсылық білдіру туралы және істі басқа, бейтарап өңірдің сотына беру жөнінде әлденеше рет өтініштер беріп, бұл өтініштер қабыл алынбаған еді. Олар осы әрекеттерімен неге қол жеткізбек болды?
Сауалнамаға 847 адам қатысты.

  • Істің бейтарап аумақта тәуелсіз және әділ қаралуына
     
    277 (32%)
  • Процестің басқа қалада «артық» куәгерлерсіз ың-шыңсыз өтуіне
     
    478 (56%)
  • Білмеймін
     
    92 (10%)
28 қаңтар 2014

Кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істердің барлығы дерлік тараптардың ымырыласуымен аяқталады. Жүргізушілер көлікті құйындатып немесе мас күйде жүргізген жағдайда, туыстарынан айырылғаны үшін осылайша «зиянды өтеу» жұртшылықтың теріс пікірін туғызады. Осы тәжірибені тоқтатуға мүмкіндік беретін ҚР Қылмыстық кодексіне өзгертулер енгізу жоспарланып отыр. Өзгертулер қажет пе?
Сауалнамаға 968 адам қатысты.

  • Қажет, бірақ ЖКО-ның бүкіл жай-жапсарын ескеру керек
     
    653 (67%)
  • Жоқ, зардап шегуші тараптың өзі шешсін
     
    281 (29%)
  • Білмеймін
     
    34 (3%)
21 қаңтар 2014

15 қаңтардағы жарлықпен Аслан МУСИН «басқа жұмысқа ауысуына байланысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметінен босатылды». Шындығында, президент бұрынғы екі облыстың әкіміне, министр және вице-министрге, Мәжіліс төрағасына, өз әкімшілігінің басшысына білімі мен тәжірибесіне шамалы болса да сай келетін жаңа лауазым ұсынар ма екен?
Сауалнамаға 1157 адам қатысты.

  • Иә
     
    190 (16%)
  • Жоқ
     
    776 (67%)
  • Білмеймін
     
    191 (16%)
14 қаңтар 2014

Сіздің пікіріңізше, 2014 жылы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал жақсара ма?
Сауалнамаға 1306 адам қатысты.

  • Иә
     
    191 (14%)
  • Жоқ
     
    954 (73%)
  • Білмеймін
     
    161 (12%)
7 қаңтар 2014

Облыс әкімі Б.ІЗМҰХАМБЕТОВ жақын арада Атыраудың ауасының нашарлығына наразылық білдіріп, зиянды өндірістерді жабамын деп қоқан-лоққы көрсетті. Экология департаментінің басшысы Е.ҚУАНОВ бүкіл жуып-шаю стансасын, мұнай базаларын, құю эстакадаларын қала сыртына, 15-20 км қашықтыққа қайта орналастыруды ұсынды. Қытайлықтар АМӨЗ қуаттылықтарын көбейтіп, сол жердің маңынан ірі мұнай-химия кешенін және бірқатар басқа да өндірістерді салуды жоспарлап жатқан кезде бұл шараларды қалай бағалайсыз?
Сауалнамаға 1380 адам қатысты.

  • Маңызды ұсыныс
     
    358 (25%)
  • Ақымақ қылу
     
    961 (69%)
  • Білмеймін
     
    61 (4%)
30 желтоқсан 2013

Әрбір Жаңа жылды Ермек достарымен моншада атап өтеді. Содан соң олар қателесіп оны Құлсарыға баратын пойызға отырғызып жібереді. Ермек ол жерде Мұнайшылар көшесіндегі үйден көп кешікпей Ильясқа тұрмысқа шығатын сұлу қыз Үмітті кездестіреді. Ал Ермекті Атырауда қалыңдығы Ғалия күтіп отыр. Сіз Жаңажылдық ғажайыпқа сенесіз бе, жастар қалай әрекет ету керек?
Сауалнамаға 1065 адам қатысты.

  • Сенемін, бұл тағдыр
     
    294 (27%)
  • Сенбеймін, мұның бәрі жеңіл ойдың желігі
     
    601 (56%)
  • Жаңа жылды атап өтпеймін
     
    170 (15%)
24 желтоқсан 2013

Сіз 2013 жылы өзіңіздің материалдық игілігіңіздің артқанын, жалпы өмір сүру және тұрмыстық жағдайыңыздың жақсарғанын сезіндіңіз бе?
Сауалнамаға 1091 адам қатысты.

  • Иә
     
    275 (25%)
  • Жоқ
     
    749 (68%)
  • Білмеймін
     
    67 (6%)
17 желтоқсан 2013

Облыс басшылығы Талғайраң поселкесінің маңынан ипподром салуды жоспарлап отыр. Әкімдік атыраулықтардың бүкіл өзекті мәселелерін шешіп болып, енді еңбектеріне лайық атқа қона ма?
Сауалнамаға 1118 адам қатысты.

  • Иә
     
    201 (17%)
  • Жоқ
     
    842 (75%)
  • Білмеймін
     
    75 (6%)
10 желтоқсан 2013

16-17 желтоқсанда еліміз жыл сайын Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Сіздің еркіңізде болса, Қазақстанды қандай халықаралық ұйымға тартар едіңіз?
Сауалнамаға 1042 адам қатысты.

  • Кедендік Одаққа, Еуразиялық экономикалық одаққа және Дүниежүзілік сауда ұйымына
     
    253 (24%)
  • Еуропалық одаққа
     
    311 (29%)
  • Бейтарап Түркіменстан секілді, ешқайда
     
    478 (45%)
3 желтоқсан 2013

Жақында Ресей мен Қазақстан дипломаттары еш ұқсамайтын екі түрлі оқиға бойынша наразылық ноталарымен алмасты: біздің Каспийдегі шекарашыларымыз шекараны бұзушы браконьерді атып, жазым қылса, ал Мәскеуде ҚР әйел азаматы өлтірілді. Осындай әр оқиға бойынша құқық қорғау органдары мұқият және объективті тергеу жүргізу үшін РФ және ҚР сыртқы саяси ведомстволарының ресми және жария түрде мәлімдеме жасаулары дұрыс деп ойлайсыз ба?
Сауалнамаға 799 адам қатысты.

  • Иә
     
    474 (59%)
  • Жоқ
     
    264 (33%)
  • Білмеймін
     
    61 (7%)
26 қараша 2013

Заңға сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтырады, ...әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік береді, халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың тарихи рөлін таниды, Қазақстан халқының діни мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейді...». Сіз Исламның қай ағымын немесе басқа қай дінді ұстанасыз?
Сауалнамаға 1161 адам қатысты.

  • Әбу-Ханифа мәзхабын
     
    292 (25%)
  • Сәлафизмді
     
    78 (6%)
  • Сопылық ағымды
     
    46 (3%)
  • Басқа мәзхабтарды
     
    4 (0%)
  • Әруақтарға сыйынамын, жағдайға қарай мұсылмандық жораларды орындаймын
     
    324 (27%)
  • Басқа діндерді
     
    140 (12%)
  • Мен атеистпін. Діндер - бұл өз жарғылары мен идеялық көшбасшылары бар партиялар ғана және олар кейбір елдерде билік басында отыр
     
    277 (23%)
19 қараша 2013

Польшаның көлік және су шаруашылығы министрі Славомир НОВАК мүлік туралы декларацияда көрсетпеген құны 5 мың доллар болатын қол сағатына қатысты туындаған жанжалдан кейін отставкаға кетті. Жалған ақпарат бергені үшін экс-министрді үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Біздің министрлерге, әкімдер мен депутаттарға поляктардың тәжірибесін қолдану керек пе?
Сауалнамаға 818 адам қатысты.

  • Иә
     
    778 (95%)
  • Жоқ
     
    27 (3%)
  • Білмеймін
     
    13 (1%)
12 қараша 2013

Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі түрік және корей сериалдарын сатып алуды тоқтатады. Ал ақшалар отандық телесериалдар мен киноны дамытуға жұмсалатын болады.
Сауалнамаға 762 адам қатысты.

  • Әйелдер ақыры үй жұмыстарымен айналысатын болды
     
    159 (20%)
  • Отандық фильмдерді асыға күтемін
     
    113 (14%)
  • Осы шетелдік сериалдарды көретін жер табамын
     
    78 (10%)
  • Мені сериалдар мүлдем қызықтырмайды
     
    412 (54%)
5 қараша 2013

Президенттің ел алдында берген сөгісінен кейін ҚР ІІМ жүргізушілердің жауапкершілігін күшейтетін заң жобасын ұсынды: ажалға себеп болған жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мас күйінде көлікті басқарғаны үшін 500 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 6 ай бас бостандығынан айырып, көлік жүргізу құқығынан 2 жылға айыру және т.б. Бұл шаралар жолдағы ахуалды түзей алады деп ойлайсыз ба?
Сауалнамаға 854 адам қатысты.

  • Ия
     
    354 (41%)
  • Жоқ
     
    432 (50%)
  • Білмеймін
     
    68 (7%)
29 қазан 2013

Атырау қаласында жергілікті билік қозғалысы көп көшелер арқылы жерүсті 20 жаяу жүргіншілер өткелін салуды жоспарлап отыр. Жобалау-сметалық құжаттаманы жасау жұмыстары басталды. Сәтпаев даңғылындағы орталық көпір алдындағы өткелдер секілді көпірлер көпшілікке қолайлы ма және ол біздің қаламызға керек пе?
Сауалнамаға 974 адам қатысты.

  • Иә
     
    616 (63%)
  • Жоқ
     
    300 (30%)
  • Білмеймін
     
    58 (5%)
22 қазан 2013

Қазақстандық қыз балаларға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина егу Павлодар облысындағы екі оқушы қыздың жансақтау бөліміне түсуіне және басқа өңірлердегі балалардың хал-жағдайының нашарлауына қатысты көптеген шағымдарға байланысты тоқтатылды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Данияр МЕҢІЛБЕКОВ вакциналауға тыйым салынбағанын, оның уақытша тоқтатылғандығын атап өтті. Ал сіз вакцина егуді қайта жалғастырған кезде қыздарыңызға екпе егуге жазбаша рұқсат бересіз бе?
Сауалнамаға 611 адам қатысты.

  • Иә
     
    28 (4%)
  • Жоқ
     
    538 (88%)
  • Білмеймін
     
    45 (7%)
15 қазан 2013

Парламенттегі пікірталастарға қарамастан, үкіметтің көлік пен мүлік салығын көтеру туралы бүкіл ұсынысы дерлік мақұлданды. Бұл не үшін жасалып отыр?
Сауалнамаға 497 адам қатысты.

  • Бюджетті толықтыру үшін
     
    376 (75%)
  • Оппозиция қатарын көбейту үшін
     
    78 (15%)
  • Білмеймін
     
    43 (8%)
8 қазан 2013

Халық қызметшілері – облыс әкімдері жыл басынан бері бір жарым есе көп жалақы ала бастады, енді олардың жалақысы 635 мың теңгені құрайды. Қандай еңбектері үшін?
Сауалнамаға 449 адам қатысты.

  • Қызметтері жақсы нәтиже бере бастады
     
    22 (4%)
  • Халық қызметшілері қожайындарынан кем өмір сүрмеуі тиіс
     
    237 (52%)
  • «Құрмет» ордені қалтада шытырламайды
     
    190 (42%)
1 қазан 2013

Жақында «Азат» партиясының көшбасшысы, бизнесмен, 10 жыл бойына Қазақстандағы оппозициялық қызметті қаржыландырып келген Болат ӘБІЛОВ кітап жазып, фильмдер түсіру үшін өзінің саясаттан кететіндігі туралы мәлім етті. Бірақ қолайлы сәт туса қайта оралуға уәде берді. Оған көп күтуге тура келер ме екен?
Сауалнамаға 527 адам қатысты.

  • Иә
     
    254 (48%)
  • Жоқ
     
    159 (30%)
  • Білмеймін
     
    114 (21%)
25 қыркүйек 2013

2006 жылы облыстық мәслихат депутаты әрі парламенттің болашақ депутаты Аманжан РЫСҚАЛИДЫҢ (сол кездегі облыс әкімінің бауыры) бастамасымен бизнесмендер тобы облыстық «Нұр Отан» облыстық филиалының ғимаратын салды. Биыл осы партияның қалалық филиалына депутат, облыстық мәслихаттың бюджет комиссиясының төрағасы Әділ ЖҰБАНОВ жаңа кеңсені сыйға тартты. Бұл не болғаны?
Сауалнамаға 622 адам қатысты.

  • Партия: «Керек!» деді
     
    239 (38%)
  • Өз болашағына салған инвестициялар
     
    342 (54%)
  • Әлемдік тәжірибе
     
    41 (6%)
17 қыркүйек 2013

Серік АХМЕТОВ басшылық еткен жаңа үкіметтің жұмыс жасағанына бір жыл толды. Біздің министрлеріміз қалай жұмыс істеді, жалпы осы кезең ішіндегі олардың қызметіне қандай баға бересіз?
Сауалнамаға 693 адам қатысты.

  • Жақсы
     
    39 (5%)
  • Нашар
     
    460 (66%)
  • Білмеймін
     
    194 (27%)
10 қыркүйек 2013

Қыркүйектің екінші жексенбісінде алғаш рет жаңа мереке - Отбасы күні атап өтілді. Бірақ кейбір жандар үшін неке мен отбасы – түрлі ұғымдар. Сіздің өзіңізге «қоғам ұйымын» құруда қайсысы жақынырақ?
Сауалнамаға 751 адам қатысты.

  • Заң бойынша неке қию
     
    607 (80%)
  • Діни жоралғы бойынша азаматтық неке
     
    45 (5%)
  • Азаматтық неке
     
    99 (13%)
3 қыркүйек 2013

31 тамызда Алматыда «Прайм-Плаза» сауда ойын-сауық орталығының алаңқайында тегін караоке-шоудың финалдық кезеңі өткізілді. Ең соңғы болып белгілі жас әнші Қайрат НҰРТАС ән айтты. Ол 5 000 долларлық гонорар үшін 8-10 ән айтуы керек еді. Алайда кейбір әсіре жанкүйерлер қоршауды бұзып, сахнаға шыққаннан кейін ол кетіп қалды. Халықтың наразылығын пайдаланған жастардың бір тобы шараны жаппай бұзақылыққа айналдырды. Толқулар орын ала бастағанда әншінің кетіп қалуы дұрыс па?
Сауалнамаға 965 адам қатысты.

  • Иә
     
    382 (39%)
  • Жоқ
     
    467 (48%)
  • Білмеймін
     
    116 (12%)
27 тамыз 2013

Тамыздың соңғы күндері мектеп оқушылары ата-аналары үшін ең қызу талқыға түскен тақырып балаларды мектепке дайындауға қатысты. Бір балаға қажетті барлық құралдарды сатып алуға қанша ақшаңыз кетті?
Сауалнамаға 691 адам қатысты.

  • 30 000 теңгеге дейін
     
    146 (21%)
  • 30 000-нан 50 000-ға дейін
     
    246 (35%)
  • 50 000 теңге және одан жоғары
     
    299 (43%)
20 тамыз 2013

Қашаған кенорнында мұнай өндіру бірнеше жылға кері шегерілді, шығындар шектен тыс артылып келеді. Өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес, шетелдік инвесторлар таяу онжылдықта жоба бойынша өз шығындарын мұнайды тасып әкету арқылы өтемекші. Егер біздің үкімет 2004 жылы «Сахалин-1» және «Сахалин-2» жобалары бойынша Өнімді бөлу туралы келісімді бір жақты бұзған Ресейдің әрекеттерін қайталаса, қазақстандық мамандар теңіз кенорнын әрі қарай өздері игере ала ма?
Сауалнамаға 786 адам қатысты.

  • Иә
     
    309 (39%)
  • Жоқ
     
    396 (50%)
  • Білмеймін
     
    81 (10%)
13 тамыз 2013

Атаулы күнді пайдалана отырып (тура бір жыл бұрын – 15 тамызда кезекті облыс әкімінің ауысуы болды), тарихты еске түсіріп, 1990-жылдардан бастап өңірімізді басқарған, сіздің ойыңызша, ең үздік басшыға дауыс беруіңізді сұраймыз. Сауалнама нәтижелерін бағалау шынайы болуы үшін бюджетті, жылдардың байырлығы (сайтта көбіне жастар дауыс береді), лауазымда отырған мерзімдерін есепке алу керек
Сауалнамаға 3767 адам қатысты.

  • Ғазиз Алдамжаров, 1990 – 1991
     
    61 (1%)
  • Сағат Түгелбаев, 1992 – 1994
     
    28 (0%)
  • Равиль Шырдабаев, 1994 – 1999
     
    31 (0%)
  • Иманғали Тасмағамбетов, 1999 – 2000
     
    3163 (83%)
  • Серікбек Даукеев, 2000 – 2002
     
    8 (0%)
  • Аслан Мусин, 2002 – 2006
     
    15 (0%)
  • Бергей Рысқалиев, 2006 – 2012
     
    431 (11%)
  • Бақтықожа Ізмұхамбетов, 2012 –…
     
    30 (0%)
6 тамыз 2013

Құбылыстарды талдау тобы қазақстандықтар көп сенім білдірген екінші деңгейлі банктердің рейтингісін жасады. Нәтижесінде халықтың қаржы институттарына әлі сенетіндіктері анықталды. Ал сіз жинағыңызды қайда сақтайсыз?
Сауалнамаға 757 адам қатысты.

  • Банкке
     
    172 (22%)
  • Шұлыққа
     
    96 (12%)
  • Сақтайтын еш нәрсем жоқ
     
    489 (64%)
30 шілде 2013

Қазақстан президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Ұлттық банк төрағасы Григорий МАРЧЕНКОНЫ қабылдады. Оның баяндамасын тыңдаған мемлекет басшысы теңгенің девальвациялануына негіз жоқ деп мәлімдеді. Бұл сіздің көңіліңізді жайландыра алды ма?
Сауалнамаға 910 адам қатысты.

  • Иә
     
    86 (9%)
  • Жоқ
     
    745 (81%)
  • Білмеймін
     
    79 (8%)
23 шілде 2013

Қалада ашық терезеден мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндердің құлап кетуіне байланысты орын алатын қайғылы оқиғалар толастар емес. Бұған кім кінәлі және одан қалай құтылуға болады?
Сауалнамаға 652 адам қатысты.

  • Ата-аналар немесе басқа кәмелетке толған туыстары. Оларды жауапкершілікке тарту керек.
     
    441 (67%)
  • Балалар. Оларға қауіп екендігін көрсетіп, сақтану түйсігін дамыту керек.
     
    125 (19%)
  • Ешкім. Бәрі де Алланың қалауымен болатын іс.
     
    86 (13%)
16 шілде 2013

Қазақстандағы жұмысқа орналасу процедурасының қиындығына байланысты гастарбайтерлер қамауға алып, айыппұл салады деген үреймен заңсыз жұмыс жасауға мәжбүр. Нәтижесінде жақсы құрылысшылар бригадасы тапшы болып, ал олардың қызметі қымбаттауда. Еңбек көші-қоны туралы жаңа заң қажет пе?
Сауалнамаға 757 адам қатысты.

  • Иә. Үй салудамын (пәтерімді жөндеудемін), ал рейд кезінде жұмыс тоқтап қалады.
     
    441 (58%)
  • Жоқ. Келімсектерді жарылқағанша, өзіміздің құрылысшылар табыс тапсын.
     
    261 (34%)
  • Білмеймін
     
    55 (7%)
9 шілде 2013

Атырау облысында апта сайын кісі өлімімен аяқталған бірнеше жол-көлік оқиғалары орын алуда. Сіздің пікіріңізше, дабыл қағарлық статистиканы төмендету үшін ең тиімді шара қандай?
Сауалнамаға 1074 адам қатысты.

  • Бүкіл трассаларда жол полициясының патрульдерін көбейту керек
     
    234 (21%)
  • Жаңа теміржол бағыттарын, соның ішін Атырау-Орал теміржол бағытын енгізу қажет
     
    261 (24%)
  • Жеңіл көліктегі таксилер мен «Газельдерге» шалғай жерлерге жүруге тыйым салу керек
     
    193 (17%)
  • Жүргізуші куәлігін алу талаптарын күшейту қажет
     
    386 (35%)
2 шілде 2013

Астанада өткен Д. Кэмеронмен бірлескен баспасөз конференциясында британдық журналистің елдегі адам құқығын сақтау туралы сұрағына жауап берген Н. Назарбаев: «Адам құқығы мен еркіндігіне келер болсақ, мен Қазақстан негізгі құқықтарды қамтамасыз етеді деп есептеймін. Бізде ашық, еркін баламалы президент сайлауы, үш саяси партиялар бар... оппозиция жұмыс істейді... Бізде саяси қудалау жоқ...» деді. Сіз мұнымен келісесіз бе?
Сауалнамаға 998 адам қатысты.

  • Иә
     
    84 (8%)
  • Жоқ
     
    837 (83%)
  • Білмеймін
     
    77 (7%)
25 маусым 2013

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл мектептерінің біріндегі 70 түлек ҰБТ-дан сәтті өтті. Оның 50-і «Алтын белгіге» үміткер болып, 29-ы сол атақты қорғап шыққан. Ал ел бойынша жоғарғы 125 баллды 7 адам жинады, оның үшеуі – Атырау қаласындағы мектептердің бірінің түлектері. Сіз осындай сәттілікке сенесіз бе?
Сауалнамаға 1093 адам қатысты.

  • Иә
     
    269 (24%)
  • Жоқ
     
    734 (67%)
  • Білмеймін
     
    90 (8%)
18 маусым 2013

16 маусымда Атырау облысында дәстүр бойынша әуесқойлықпен балық аулау маусымы ашылды. Бүгінде Жайық өзеніне қармақ салар болса, көбінесе қармаққа не түсер еді?
Сауалнамаға 907 адам қатысты.

  • Көксерке, ақмарқа, сазан, қаракөз
     
    186 (20%)
  • Жайын, шортан, табан
     
    29 (3%)
  • Мөңке, майда табан балық, құртшабақ
     
    134 (14%)
  • Ескі кебістер мен басқа да қоқыстар
     
    558 (61%)
12 маусым 2013

Президент әйелдер үшін зейнеткерлік жасты ұлғайту реформасын 2018 жылға қалдырды. Ол жања зањға қол қоймай, оны түзету үшін парламент пен үкіметке кері қайтарды, теледидар арқылы өз ойы мен ұсыныстарын мәлімдеді. Оны мұндай қадам жасауға, оныњ үстіне осыған қатысты халық алдына арнайы мәлімдемемен шығуға не мәжбүр етті?
Сауалнамаға 791 адам қатысты.

  • Әйелдерге деген қамқорлығы
     
    32 (4%)
  • Сайлаушылардыњ дауыстары үшін қам жасауы
     
    467 (59%)
  • Зањ жобасындағы кемшіліктер
     
    185 (23%)
  • Білмеймін
     
    107 (13%)
5 маусым 2013

Атырауда жаздың алғашқы күндерінде қатарынан бірнеше сәбидің өмірін қиған қайғылы жағдайлар жиі орын алды. Алда оқушылар үш ай жазғы каникулдарын өткізеді. Сіз балаңыздың жазғы демалысын қалай ұйымдастырасыз?
Сауалнамаға 649 адам қатысты.

  • Лагерьде, шипажайда демалады
     
    58 (8%)
  • Жазда ауылда әжесінде болады
     
    85 (13%)
  • Балалар орталығына, спорт үйірмелеріне және т.б. барып тұрады
     
    79 (12%)
  • Демалыста бүкіл отбасымызбен қаладан шалғай жерде демалатын боламыз
     
    98 (15%)
  • Біздің қаражатымыз жоқ, сондықтан бала өз бос уақытын өзі ұйымдастырады
     
    329 (50%)
28 мамыр 2013

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жезөкшелікке қарсы жазалау шараларын қолданғаннан немесе бұл проблема туралы үнсіз қалғаннан пайда жоқ. Тіпті, Иран Ислам Республикасында 300 мыңдай махаббат пірлері бар екен. Көптеген елдерде олардың қызметі заңдастырылған, шектеулермен реттелген және айналасындағыларды әуреге түсірмей-ақ бақылауға алынған. Парламенттің тиісті заң қабылдағаны біздің азаматтарымызға қажет пе?
Сауалнамаға 995 адам қатысты.

  • Иә
     
    669 (67%)
  • Жоқ
     
    265 (26%)
  • Білмеймін
     
    61 (6%)
21 мамыр 2013

Астанадағылар осыншама сынақтардың экологиялық тәуекелділіктері жоғары деген болжамдарға қарамастан, «алғашқы мұнай» өндіруді астанамыз бен Президентіміздің туған күніне (6 шілде) орайластыруды табанды түрде талап етіп, Қашағанды іске қосуға асықтырып отыр. Шенеуніктердің бұлай асықтыруларына басты себеп неде?
Сауалнамаға 958 адам қатысты.

  • Ел бюджетінің қамы
     
    29 (3%)
  • Жобадағы ахуал туралы бұрмаланған ақпарат
     
    90 (9%)
  • Кеудемсоқтық пен жағымпаздық
     
    803 (83%)
  • Білмеймін
     
    36 (3%)
14 мамыр 2013

ҚР Парламентінің Мәжілісінде Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко үкімет сағатында: қазіргі Солтүстік-Каспий экологиялық әрекет ету базасында теңіз апаттық- құтқару жасағы құрылатын болады деп мәлімдеді. Осы шаралардың барлығы теңіз айдынының түбін бұрғылау және мұнай өндіру кезінде Каспийді қауіпсіздендіре ала ма?
Сауалнамаға 667 адам қатысты.

  • Иә
     
    37 (5%)
  • Жоқ
     
    584 (87%)
  • Білмеймін
     
    46 (6%)
8 мамыр 2013

Биылғы жылы металлургия және тау-кен металлургия өнеркәсібі өнімдерінің бағалары төмендегендіктен республикалық бюджетке жарты триллион теңгедей қаржы түспейді деп үкімет болжам жасады. Экономистер бюджеттің тапшылығы көбінесе әлеуметтік салада сөзсіз үнемдеуге әкеледі деп есептейді. Сіз қандай шығындарды үнемдеген жөн деп есептейсіз?
Сауалнамаға 654 адам қатысты.

  • Декреттік және басқа жәрдемақылардан
     
    34 (5%)
  • Баспананы терможаңғыртудан
     
    24 (3%)
  • Футболдан ҚР құрамасын ұстау шығындарынан
     
    47 (7%)
  • ЭКСПО-2017 көрмесінен
     
    358 (54%)
  • Шетелдік көліктерді сатып алу мен кабинеттерді жөндеуден
     
    142 (21%)
  • Шетелден сиырлар мен бұқаларды сатып алудан
     
    49 (7%)
30 сәуір 2013

Көктемгі балық аулау маусымының қызған шағы. Тек ғылым мен өсіріп-өндіру үшін ғана бекіре тұқымдастарды аулауға рұқсат етілгенмен, «қызыл» балықтың жойылу қаупі төніп тұр. Браконьерлік бизнес соңғы «қаймағын» сылып алуда. 1 келі қара уылдырықтың бағасы 200 000 теңгеге дейін көтерілді. Сіз соңғы рет оның дәмін қашан байқап көріп едіңіз?
Сауалнамаға 817 адам қатысты.

  • Биылғы жылы
     
    49 (5%)
  • Өткен жылы
     
    56 (6%)
  • Есімде жоқ
     
    712 (87%)
23 сәуір 2013

Атырау қалалық әкімдігі әйелдер тобына – жеке кәсіпкерлерге үстіміздегі жылы 27 сәуірде, сенбі күні жеке кәсіпкерлер үшін жылу тарифтерінің күрт көтерілуіне және әйелдердің зейнеткерлік жасына қарсы наразылық митингісін өткізуге рұқсат бермеді. Олар өтініште аталған (жергілікті биліктің таңдауына қалдырылған) 4 алаңның барлығы да сол күні мәдени-спорттық шаралар өтетіндіктен, бос болмайды деп уәж келтіріпті. Мұндай жағдайда сіз кез-келген басқа жерге рұқсат етілмеген бейбіт митингке шығуға дайынсыз ба?
Сауалнамаға 787 адам қатысты.

  • Иә
     
    581 (73%)
  • Жоқ
     
    127 (16%)
  • Білмеймін
     
    79 (10%)
16 сәуір 2013

Мемлекеттік органдар тарапынан тигізілген зиян заң бойынша республикалық бюджеттен өндіріледі. Заңсыз сотталып, кейін ақталған Сәлімжан НАҚПАЕВ сот арқылы 10 млн теңге көлемінде мүліктік және моралдық зиян өтемақысына қол жеткізген еді. Алайда ол енді облыс әкімінің орынбасары әрі саяси мемлекеттік қызметкер ретінде Қаржы министрлігінен бұл ақшаны алудан бас тартты. Сіздің пікіріңізше, жіберілген заң бұзушылықтар үшін моралдық, материалдық және басқа да жауапкершілікті кім алуы тиіс?
Сауалнамаға 811 адам қатысты.

  • Тергеуші, прокурор және судья
     
    399 (49%)
  • ІІД бастығы мен сот төрағасы
     
    162 (19%)
  • «Тапсырыс беруші» - бұрынғы облыс әкімі
     
    122 (15%)
  • Зиянды мемлекет өтеуі тиіс
     
    90 (11%)
  • Білмеймін
     
    38 (4%)
9 сәуір 2013

Дүние жүзінің 68 елінде, соның ішінде АҚШ-тың көптеген штаттарында, Қытайда, Жапонияда аса ауыр қылмыс үшін жазаның ауыр түрі ретінде электр орындығы, ату немесе дарға асу түріндегі жазалар қолданылады. Балалар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдерді аяусыздықпен зорлау және айуандықпен өлтіру оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты Қазақстанда осыдан 10 жыл бұрын өлім жазасына енгізілген мораторийді жою керек пе?
Сауалнамаға 1071 адам қатысты.

  • Иә
     
    795 (74%)
  • Жоқ
     
    207 (19%)
  • Білмеймін
     
    69 (6%)
2 сәуір 2013

Осыдан тура екі жыл бұрын – 2011 жылдың 3 сәуірінде ҚР президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Оған 4 үміткер қатысты. Н. Назарбаев үшін сайлаушылардың 95,55%-ы дауыс берді. Егер ертеңгі күні жаңадан сайлау өтетін болып, төмендегі тұлғалар өз кандидатураларын ұсынса, сіз кімге дауыс берер едіңіз (фамилиялар алфавиттік тәртіппен орналасқан)?
Сауалнамаға 1496 адам қатысты.

  • Әбілов Болат
     
    65 (4%)
  • Ахметов Серік
     
    24 (1%)
  • Бәйменов Әлихан
     
    23 (1%)
  • Есімов Ахметжан
     
    1 (0%)
  • Құлыбаев Тимур
     
    18 (1%)
  • Мәсімов Кәрім
     
    9 (0%)
  • Мусин Аслан
     
    17 (1%)
  • Назарбаева Дариға
     
    17 (1%)
  • Назарбаев Нұрсұлтан
     
    124 (8%)
  • Тасмағамбетов Иманғали
     
    1138 (76%)
  • Тоқаев Қасым-Жомарт
     
    27 (1%)
  • Тұяқбай Жармахан
     
    33 (2%)
26 наурыз 2013

Көптеген елдерде, Қазақстаннан айырмашылығы, көлік құралына салынатын салық жоқ. Жолдарды ұстау шығындары ол жерлерде жанар-жағармай акцизі есебінен жабылады (мәселен, 1 литр бензиннің бағасына 1-2 теңге қосады). Мұнда әділдік принципі сақталған: яғни, көп жүрсең, көп төлейсің. Біз әлі күнге дейін осы салықты уақытында төлемесек, айыппұл төлейміз. Атырау облысынан сайланған мәжілісмендер мен сенаторлар Астанада отырып, басқа елдердің үлгісі бойынша, осы салықты жоюға қол жеткізуге міндетті ме?
Сауалнамаға 761 адам қатысты.

  • Иә
     
    655 (86%)
  • Жоқ
     
    63 (8%)
  • Білмеймін
     
    43 (5%)
19 наурыз 2013

Көктемде балық аулау артельдері «тірі күмісті» он тонналап аулайды, теңізде браконьерлер жүгенсіз кеткен, қайраңдағы жұмыстар балықтың мүлдем жойылу қаупін төндіріп тұр. Осы көрініс аясында қармақ салуға әуесқойлардан келіп-кетер ешқандай қауіп жоқ. 1 сәуір мен 15 маусым аралығында әуесқойлықпен балық аулауға салынған тыйымды жою қажет деп есептейсіз бе?
Сауалнамаға 595 адам қатысты.

  • Иә
     
    353 (59%)
  • Жоқ
     
    217 (36%)
  • Білмеймін
     
    25 (4%)
12 наурыз 2013

Парламентте заң жобасы талқылануда. Соған сәйкес, өткен өмірінде қылмыс жасаған-жасамағаны, қылмыстық әлеммен байланысының бар-жоғы және т.б. анықтау үшін құқыққорғау органдарының қызметкерлерін өтірікті әшкерелейтін детектормен тестілей бастайды. Осындай жаңа әдіс қажет пе?
Сауалнамаға 782 адам қатысты.

  • Иә, бірақ арнайы тексеруді толықтыру ретінде ғана
     
    88 (11%)
  • Жоқ, бұл ТВ-дағы шоу сияқты, бұған жұмсалған ақша желге ұшады
     
    149 (19%)
  • Білмеймін, адал адам да қобалжуы мүмкін ғой
     
    26 (3%)
  • Ендеше бүкіл мемлекеттік қызметкерлер үшін депутаттар мен әкімдерден бастау керек
     
    519 (66%)
5 наурыз 2013

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, сенатор Оралбай Әбдікәрімов «Нұр Отанның» заңнамаға жоғары лауазымды шенеуніктердің жақын туыстарының мансапқа келу жолына бақылау жасайтын заң нормаларын енгізу жөнінде бастама көтеруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Cонымен қатар билік партиясы осындай VIP-туыстардың жаңа орындарға тағайындалуына бақылау жасау үшін олардың дерекқорларын жасамақшы. Сіздің ойыңызша, бұл шаралар тиімді бола ма?
Сауалнамаға 713 адам қатысты.

  • Иә
     
    128 (17%)
  • Жоқ
     
    533 (74%)
  • Білмеймін
     
    52 (7%)
1 2 3